Миссия

 

Біздің миссиямыз – даму кезеңінде тұрған және нәтижесінде заманауи тұрмыс салтымызды өзгертетін, барлық тенденцияларды қамтитын жап-жаңа технологиялар туралы ақпараттарды беруге тырысу. Бұл дамушы технологиялардың даму деңгейі, көптүрлілігі, жан-жақтылығы, әлеуетінің үлкендігі мен жылдамдығы сонша оларды оқи келе, қол қусырып отыра алмадық.

Күнде пайда болатын үлкен көлемді ақпараттарды бақылау қиын. Барлығын ағылшын тілінде оқып жүріп, біздің отандастарымызда мұндай мүмкіндік жоқ екенін ойлана келе біз ақпараттарды қазақ тіліне аудару қажет деп шештік. Бұл біздің оқырмандарымыз үшін, әсіресе жастарымыз үшін болашақта не болатынын және олардың өміріне не әсер ететінін білуге үлкен мүмкіндік береді. Мүмкін олар өз болашақтары және соған сай таңдайтын мамандықтары туралы терең ойланар.

Неге олай дейміз? Өйткені бұл төңкеріс технологиялары жасанды интеллекттің (ЖИ), роботтардың, 3D өлшемді баспа құралдарының (3D printing), дрондардың, Интернеттік Заттардың (Internet of Things (IoT)) және кванттық компьютерлердің пайда болуымен көптеген мамандықтарды тарихқа жібереді немесе драмалық жағдайда қысқартады.

Бұл сайттағы ақпараттық материалдар жоғары технологиялар туралы әлемдегі алдыңғы қатарлы сайттардан алынған. Сол себепті біз ұсынылып отырған ақпараттың шынайылығын бекіту үшін әрдайым бірінші ақпарат көздеріне сілтеме жасаймыз. Сондықтан барлық несиелеріңізді біздің бірінші ақпарат көздеріне берулеріңізді сұраймыз.

Біздің барлық бірінші ақпарат көздеріне арналған өтінішіміз бар. Біз кейде сіздердің мақалаларыңызға егжей-тегжейлі шолу жасау арқылы авторлық құқықтарыңызды бұзбаймыз деп үміттенеміз. Өйткені технология өсек емес және оны екі сөзбен жеткізу мүмкін емес. Егер қателіктер болса, бізге айтып, көмектесулеріңізді сұраймыз және соған сай біз де түзелуге тырысамыз.

Біз оқырмандарымызды серіктестікке шақырамыз. Сіздер өз жазбаларыңыз бен мақалаларыңызды біздің сайтта көрсетілген рубрикаларға сәйкес деп есептесеңіз, бізге салып жіберулеріңізді өтінеміз. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың болашағына әсер ететін үлкен өзгерістер төніп тұр. Егер сіз жас ұрпақтың мәліметті болуына, білімге талпынуына өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, онда біздің сайтымыз сіз үшін арналған деп есептейміз.