Қытайлық ЖИ-тің оянуы
MIT technology reviews-тегі Will Knight Қытайдағы өз репортажында Батысқа Қытайдан қорқудың қажеті жоқ, олардан бәрі көшіріп алу керек деп хабарлайды, ол Қытайдың жаңа 3 жылдық жоспарының шыққаны туралы хабарлайды.
ЖИ-ті енгізу ойын-сауық индустриясынан басталып, миллиондаған теле көрермендердің назарын өзіне байлады. Компьютерлік бағдарлама покер бірнеше қытайлық чемпиондардан, жақсы танымал инвесторлардан, кәсіпорын басшыларынан, тағы басқа атақты адамдардан тұратын 12 ойыншыны жеңіп шықты.
Қытай экономикасын шетелдік инвестициялар және технологиялар көмегімен көтерілу декадасы міне өткен этап болып есептеледі. Себебі, Қытай өз ішкі инвестициялар мүмкіндігін қалыптастырумен қатар, ЖИ-ке сүйенген экономиканы жаңа деңгейге көтеру жоспарын жүзеге асырып отыр.
Енді қайтадан әлемдік индустрияның локомотиві болу үшін экономика ЖИ-ке арқылы жаңа рельстерге ауыстырылуда. Таңқаларлықтай, әлемдегі барлық өндірістің төрттен бірі Қытайда жасалады екен.
Қазіргі уақытта Қытай ЖИ-ті дамыту бойынша үлкен бәсекеде алда келе жатырған сияқты, себебі олар ЖИ-ке оқытуға арналған үлкен енгізу ақпараттарына, өндіріс тиімділігін арттыру мен ресурстарды үнемді жұмсауға бағытталған арнайы қосымшаларды жасайтын дарынды инженерлер мен ғалымдар армиясына ие болып отыр. Солай жаңа алгоритмдерді жасаумен бірге оларды үлкен ақпараттар арқылы сынау, ЖИ-тің дамуы үшін оңтайлы климат жасап отыр.
АҚШ және батыс елдері ЖИ-ті қаржылау бойынша өте баяу қозғалуда болса, Қытайдағы инвестициялар қарқыны тіпті асығыстыққа ұқсайды. Көптеген титандар өз тәжірибесінде технологиялық трендтерге ілеспесе, бәсекелестерінің басып озуын көздері жетіп отыр. Ол былай тұрсын, көптеген Батыстың стартаптары өз елдеріндегі реттеу мен лицензиялау талаптарын қиынсынып, Қытайдағы қаржының молдығына және осы саладағы ереже мен талаптардан ашық саясатына еліктеп, өз идеяларын мен дамытуларын осы Қытайға әкеліп жүзеге асыруда.
Қытайдағы Google-дың бір түрі Baidu компаниясы ЖИ потенциалын келешекте дамуға қажеттілігін көріп, өз бизнесін толығымен жаңадан құру мақсатында 2014 жылы өзінің бірінші зертеу лабораториясын ашты. Сонымен қатар өз бизнесінде терең оқыту тәсілін енгізу әрекетін жасап, ЖИ-дің дауысты тану қабілетіне Microsoft-қа қарағанда 1 жыл бұрын қолын жеткізіп отыр. Көптеген қытайлық компаниялар Baidu ізімен жүрген, солардың бірі – Facebook-тің теңі Trencent. Олар өздерінің бірінші зерттеу лабораториясын бірнеше жылы бұрын ашып, қазір DeepMind жіне AlphaGo технологияларының көмегімен дамып жатыр.
Өздері құрған жаңалықтар платформасы, әлеуметтік желілері және мобильді төлемдерді аудару платформаларын енгізу арқылы, сол платформалардан алынғын үлкен деректерің көмегімен деректер базасын құрып, ЖИ-ті оқыту мүмкіндіктері мен дауыс тану қабілеттерін дамыта біліп, құжаттарды талдай білетін көмекшіге ие болып отыр.
«Мүмкін жасанды интеллект Батыста ойлап табылғын шығар, бірақ оның болашағы дүниенің басқа бөлігінде дамып жатқаны күмәнсіз».
Бүгінде Қытайдағы өндірістік процестерді автоматтандыру өмірлік маңызды қажеттілік болып табылады. Соңғы 7 жылда Шанхайдағы өндірістегі жалақы мөлшері 2 есе өсті, ал көрші Вьетнам, Тайланд және Индонезиядағы зауыттардағы жұмысшы жалақысы қытайлық жұмысшының 1/3-н құрайды. Қытайдағы өндірістік зауыттарда шамамен 100 миллиондай (АҚШ-та 12 миллион адам) адам жұмыс жасайды және Жалпы Ішкі Өнімнің 36%-н құрайды.
Көптеген өндірушілер өндірісті автоматтандырмаған жағдайда, банкроттың жақын екендігін түсініп отыр. Алайда Қытайдағы роботизация көрші елдерден артта қалуда, мысалы Оңтүстік Кореяда 10 мың жұмысшыға шаққанда роботизация 478 роботқа жетсе, ал Жапонияда 315 робот, Германияда 292 робот, АҚШ-та 164, ал Қытайда бар болғаны 36 робот екен.
Осы болу керек Қытай мемлекетінің роботизация өндірісін жылдамдату бағдарламасын қабылдауы, және тек ол емес, роботтарды Қытайда жасап шығаратын өндірісті жеделдетуді мақсат қылып отыр.