Жүргізушілері жоқ жүк көліктері

Сіз Tesla, Uber, тіпті Google компанияларының жүргізушілері жоқ автокөліктерді сынақтан өткізіп жатқандығынан хабардар боларсыз. Ал енді елестетіп көріңіз, бірінің соңынан бірі ерген жүргізушісі жоқ үш автокөлік кетіп барады. Заң бойынша, әлемнің ешбір елінде автокөліктерді жүргізушілерсіз пайдалануға рұқсат етілмеген, бірақ жүргізуші адам туындаған шұғыл жағдайда көлікті басқаруды өз қолына алуға дайын болса, бұл заңмен қудаланбайды. Бірақ жүк көліктерінде жағдай мүлдем өзгеше, яғни көш бастаған бірінші көлікте тек бір жүргізуші болады да, ал қалғандары керуендегі түйелер секілді соңынан ереді екен. Бұл процесс платунинг (platooning) деп аталады.

Бірнеше компания қазірдің өзінде жүргізушісіз өздігінен жүретін жүк көліктерін сынақтан өткізіп жатыр. Олардың айтуынша, атаулы көліктер қауіпсіз және арзан болмақ. Әрине, егер адамға дәретхананы пайдалану, кофе ішу немесе ұзақ қашықтықта мызғып алу қажет болса, ал өздігінен жүретін машиналар тәулік бойы тынымсыз жұмыс істей алады. Себебі, өздігінен жүретін жүк көліктері ұйықтамайды да, ауырмайды да, кофенің де керегі жоқ. Тек ең бастысы – олар қызметке жарамды болулары үшін, күтіп ұстау  қажет.

Әрине, ауыл арасындағы кедір-бұдыр жолдар мен жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын шалағай жүргізушілермен бетпе-бет келгенде жүргізушісі жоқ автокөліктер дәрменсіз. Сарапшылар, өздігінен жүретін жүк көліктерінің қақтығысқа тап болған жағдайда, өзіне қарама –қарсы келіп қалған мектеп оқушыларының автобусы мен қарапайым көліктердің арасында қайсысын таңдайды екен деген сұрақ қояды. Барлық болжам бойынша, моральдық парыз мектеп автобусының пайдасына шешпек. Ал, өздігінен жүретін жүк көліктері туралы айтатын болсақ, компьютер өзін-өзі жоюды таңдап, кюветке қарай бұрады ма екен?

Қауіпсіздік үшін өздігінен жүретін жүк көліктерінің жоғары жағына сенсорларды орнатуға болады. Ол жолдағы жағдайды алыстан болжап, жүргізушілерге қарағанда алдын-ала жақсырақ көруге мүмкіндік береді. Бірақ олардың тиімділігіне ешкім де жүз пайыз кепілдік бере алмайды, себебі, Tesla автокөліктерінің бірінде сенсорларға күн шағылысып, адам өлімі орын алған.

Көлігі барларға айқын, жолда ережелерді сақтамай алыс қашықтық фараларын өшірмейтін жүргізушілерден бастап, түрлі жағдайлардың орын алуы. Мысалы, қыста қатты қар жауып, сенсорларды ғана емес, бүкіл жолды да жауып тастап жатқан жоқ па? Сондай-ақ, шешуін талап ететін көптеген сұрақтар бар, тек жаз мезгілінде тәжірибе жасауды да аса жақсы идея деп айту қиын. Сүйте тұра, Volvo-ның «бүкіл қоғам қолданатын жолдарда біз бұл технологияны жүргізушіні алмастыру үшін емес, жәрдем үшін қолданамыз» дегені орынды болса керек.

Дегенмен, эксперименттер жалғасуда және өмір көрсетіп отырғандай, түбі мәселені шешетін жолдардың табылатыны күмәнсіз. Оның бірі ақпарат жинаушы сенсорларды шығаратын серпінді жаңа технологиялардың қолдануы, немесе қалалар арасындағы ұзақ жолдарда пайдаланып, қала ішінде жүргізуші адам меңгеруі мүмкін. Нәтижесінде, осы технология өмірге еніп, жүргізушілер саны драматикалық азайып, жағдай 5-10 жылдың ішінде мүлде өзгеруі мүмкін деген болжам бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.