Кванттық компьютер
Келесі 10 жыл кейбір өнеркәсіп салаларына өте уайымды болып келуі мүмкін, себебі олар кванттық компьютерлердің дамуына байланысты өз өнімдері мен технологияларын қоқысқа жіберу фактісіне тап болады деген сенім бар.
MIT technology review баяндауы бойынша, әлемдегі кванттық ғылыми-есептеу саласында ең алдыңғы зерттеулерге жауапты QuTech институтының бір лабораториясының тыныш бұрышында жасырынды зертеу жүріп жатыған секілді. Бұл Delft қаласындағы Technische Universiteit ғимараттарында қазіргі шифрлау әдістерін бұзатын үрейлі кванттық механикалық ғылыми әрекеттер, материаловедение, фармацевтика және жасанды интеллект саласында үлкен өзгерістер келеді деп саналады.
Басылым бұдан әрі «зерттеушілер толық программалауға қолайлы 5-кубит кванттық компьютерлер мен 10-20-кубит сынаққа арналқан кванттық жүйелерін жасап шығарды» деп хабарлайды. Ешбіреуі де айтарлықтай керемет емес, бірақ кванттық есептеу бөлімшесінің меңгерушісі айтуы боынша, оның командасы бір жылдың ішінде 49-кубиттық система жасап шығырады деп сенім білдіреді.
Алайда 50-кубит квантттық компьютер жасап шығыру жәй әншейін мақсат емес. Себебі, бұл бәсеке сатысында жоғарғы басымдылықтың табалдырығы болып келеді. Бүл табалдырықты аттағанда, суперкомпьютерлердің жады экспоненциалды өрлеу мен байланыс каналдарының өткізу қабілеттері кванттық компьютерлермен салыстырғанда өңдеу қабілеті төмен болады екен. Өзгеше айтқанда, жоғарғы сатыдағы суперкомпьютер системалары 10-20-кубит кванттық компьютерлердің қабілетімен тең болып келсе, 50-кубитқа жеткенде суперкомпьютерлердің физикалық қабілеті кедергі болып келеді.
Келесі 5 жылдың ішінде, 30 және 100-кубит кванттық компьютерлер ұзақ уақыт кезең ішінде есептеудің кең спектрлерінде жасай алады деген үміт бар.
Баршаға белгілі компьютердің жады экпоненциалды өсіп, өзін өзі дамыту саласында қызымет көрсетуде екені. Кім біледі, мүмкін 100 000-кубиттық системалар жаңа материалдар мен дәрі-дәрмектер шығаруда қазіргі заманның материал құрылысы мен химиялық, фармацевтикалық ғылымдардың негізін қайтадан қалауы алыс емес болар. Ғалымдардың болжауы бойынша, бұл өзгерістер 10-жылдан кейін шындыққа айналып, біздің өмірімізге үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін.