Автономды көліктің болашағы
Жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс орындарының қалыпты тізімін бұзса да, атаулы технологияларды басқару үшін жаңа жұмыс орындарын жасайды.
San Francisco Chronicle-дің айтуынша, Статистика бюросымен келісілгендей, өздігінен жүретін көліктердің қолданысқа енуі АҚШ-та жүк көлігі, фургон, автобус немесе такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін 3,8 миллионға жуық американдықты жұмыстан босатуы мүмкін деп хабарлайды.
Сонымен қатар, 1 миллионға жуық адам Uber және Lyft қосымшалары, сақтандыру агенттіктері, автотұрақтар, мотельдер, автокөлік жөндеу гараждары және автомобиль бөлшектерін сататын дүкендердің жүргізушісі ретінде қосымша ақша табады. Атаулы өзгеріс олардың да күнделікті табысына әсер етері сөзсіз.
Қалалар мен қала маңындағы автономды көліктер мен роботты таксилер ұжымдық пайдалану машиналарының пайда болуымен бірге нормаға айналуы мүмкін. Сондай-ақ бірнеше адам смартфондағы қосымшалар арқылы автономды көлікті белгілі бір уақыт пен орынға шақырып, бір машинаны ортақ қолдана алады, сонда көлік жүргізушінің қажеті болмай қалады.
Автономды көліктің тағы бір артықшылығы, мысалы, сіз жұмыста отырсыз және сіздің жұбайыңыз сіздің көлігіңізді өз шаруалары үшін шақыра алады. Яғни, сіз көлікті апаруға не әйеліңізді тасуға уақыт жұмсамайсыз, және демалыс күндеріне ешқандай үй шаруасын қалдырмай емін-еркін демалатын мүмкіншілік болады.
Жаңа технологиялардың пайда болуы кейбіреулер үшін аса оңтайлы болса, кейбіреулер үшін қосымша қиындықтарды тудырады. Қазіргі заманғы жүк машиналарының жүргізушілері дамыған елдерде және кем дегенде 10 жылдан кейін дамушы елдерде тарихта қалуы мүмкін.
Алайда, Wharton School профессоры Джон Пол МакДафидің айтуынша, «кең экономикалық мағынада автоматтандырудың жұмыспен қамтуға әсері жағымсызға қарағанда, пайдалырақ болды». Жақында жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, егер жүргізушілер рульден айрылса, онда олар тапсырыстарды қабылдау және орналастыру, тауарлық-материалдық қорларды басқару, тұтынушылармен байланыс және сауда сияқты құжаттармен жұмыс істеуге жеткілікті уақыт алады екен.
Әлбетте, жаңа мамандық – бұл жол үстінде автокөліктің бұзылулары немесе басқа жол-көлік оқиғалары жағдайында бақылауға алатын әуе диспетчерлеріне ұқсас автономды автокөліктерді қашықтықтан басқару операторы сияқты болмақ.
2050 жылға қарай Intel 7 трлн. АҚШ доллары көлемінде болатын, «Жолаушылар экономикасы» деп аталатын стратегиялық талдау жүргізді. Автономды көліктерде массаж терапевтері, маникюр рәсімдері, сандық ойындар мен ойын-сауық түрлері, қашықтықтағы іскерлік кездесулер және т.б. қызмет түрлері көрсетілмек.
Алдағы уақытта өзінің кабинасынан-ақ түрлі қызмет түрлерін көрсетіп, табыс табу мүмкіндігіне ие жаңа жүргізушілер толқыны қалыптаспақ.
Әрине, автономды автокөліктерді жасап шығарушы кәсіпорындар үшін де тәуекел баршылық. Олар жеке тұлғалар сатып алған көліктеріне иелік ете алмай, олар өз тарабынан дербес фрилансерлерге айналуы мүмкін. Бұл жерде Питер Диомандистың айтуынша жолаушы мен жүк тасымалдау өндірісін демократизациялау көрінісі байқалмақ.
Сондықтан технологияны жетік меңгерген жастар өз бизнестерін қашықтықтан меңгеріп, жүк машинасының салонына құмарлығын жоймаса, оны өз кеңсесіне айналдырулары мүмкін. Олай болса, жүргізуші мамандығын тарихқа жібергенмен, оның орнына жаңа мамандық пайда болады деп болжамдайық.