Экосистемалар
Соңғы уақытта, әңгіме бизнес пен цифралық технологиялар туралы болған жағдайда, өте жиі кездесетін сөздердің бірі «экосистема» деген сөз болып табылады. «Экосистема» дегеніміз не, сол туралы кеңірек мәлімет беріп көрейікші.
Биология бойынша, экосистема дегеніміз тірі организмдер мен олардың шектелген орталықтары арасындағы функциялық бірлестік болып табылады. Нақтылау айтқанда, түрлі организмдердің бірігіп өмір сүруі және олардың жаратылуының қиылысып, бірінен бірінің тәуелді болып қалыптасқанын атап өтуге болады. Мысал ретінде, кәдімгі көлдің ішіндегі балықтар мен өсімдіктер, және микроорганизмдерді атап өтуге болады.
Investopedia бизнес экосистеманы технология мен глобализацияның дамуымен байланыстырып, олардың бизнес жүргізуінің қағидасына әсер еткенін баяндап отыр. Құбылмалы бизнес орталығы компанияларды тіршілік жасаудың жаңа тәсілдерін іздеуге мәжбүр қылып отырған секілді.
Бизнестер бәсекелік қабілеттерін нығайту жолында, өзгеше технологиялық қабілеттері бар бизнестерге назар аударып отыр. Нәтижесінде, бірін бірі толтыратын бизнес қоғамдар құрылып бастады, жалғыз бәсекеге түскенге қарағанда, бірігіп пайданы көбірек табатын есеппен. Қоғамға қатысушылар өздерінің технологиялық мүмкіншіліктері мен инвестициялық жағдайларын біріктіріп, көбірек табыс табу жолында өз тауарлары мен қызметтерін әрі қарай жақсартуда.
Экосистема қатысушылары экосистемадағы басқа компаниялармен бірге жұмыс жасап үйреніп, өз ара белсенді түрде қарым-қатынаста болып, жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіншіліктер алды. Сол мүмкіншіліктерді пайдалана тұрып, компаниялар өз құрамдарындағы сәттілікке қажет, бірақ экосистемаға кірмеген бөлімшелеріне сол мүмкіншіліктерді пайдалануға жол салып, бизнес модельдерін өзгерту арқылы бүкіл компания деңгейін көтеруде. Осындай экосистемаға қамтамасыздық пен жеткізуші қызметтерін атқаратын компаниялар, дамыған өндірушілер мен басқа да қатысуға құштар компаниялар, және бәсекелес компаниялар кірген экосистемаларды бизнес экосистемалары деп атауға болады.
Lexicon.ft.com берген қысқаша сипаттама бойынша, технологиялық экосистемалар есебінде жоғарғы технологиялық платформалар, ортасында платформа иесі жасап шығарған ерекше технологиялық бөлшектер бола тұра, шеткі жағында бөлек тәуелсіз компаниялар жасап шығарған қосымшалар болып табылады. Осындай экосистемалар алғашқы кезде платформа иесі ұсынған системаға қарағанда, көбірек системаларды қамтиды да техникалық маңызды мәселелерді шешеді. Мұнда басты рольді әр түрлі қатысушылар әзірлеген қосымшалар ойнайды.
Кейбір қосымшалар жеке компаниялардың меншігі болып табылып, лицензияланған қосымшаның функциялары түрінде қызметтер ұсынады. Осындай технологиялық экосистемаларға ұялы байланыс платформасы iOS, тек Apple компаниясының бақылауында болса, Google компаниясының Android қосымшасы Samsung, HTC, Sony, Huawei, және ZTE компанияларының қызметтерін атқаруға пайдаланып отыр.
Басқа түрлі экосистемаларды алатын болсақ, технологиялық экосистема, кәсіпкерлік экосистема, цифралық экосистема, стартаптар экосистемасы, және инновативтіқ экосистемаларды атап өтуге болады.