Кәсіпкерлік экосистема

Harvard Business Review ұсынуы бойынша, кәсіпкерлік экосистеманы дұрыс түсінген жөн. Барлық үкіметтер мен қалалық биліктер кәсіпкерлік экосистеманы дамыту үшін жаппай ат салысса да, кәсіпкерлік экосистеманың толық мағынасына түсінбейді екен. Стартаптардың санының көбеюі мен жаңа жұмыс орындарының пайда болуы экономиканың өсуіне ешқандай ықпал жасамайтыны белгілі болды.

Керісінше, экономиканың өсуі, жаңа жұмыс орындары мен стартаптардың санының көбеюіне ынталандырады екен. Сондай-ақ, бизнестің ерте бастағы даму кезеңінде финанс стимулдарын ұсыну мен қауіпті инвестициялар жасау әрекеттері кәсіпкерлік экосистемасының дамуына әсер етеді деген тұжырымдар да қате болып табылып жатыр.  

Бірігіп жұмыс жасайтын инкубаторлар құрастыру да қате болып шықты, себебі кейбір кәсіпкерлер осындай бірігіп жұмыс жасайтын орындар негізгі қатысушыларды алаңдатып, шығармашылық қарқынына теріс ықпал жасайтынын айтты. Шындықты айтқанда, сәтті стартаптар тіпті ешқандай инкубаторларға қатыспаған көрінеді. Көбі инкубаторларды өз пайдасына қолданып, басқалардың идеясы мен мәліметтеріне кірісуге қолданады екен.

Дамыған кәсіпкерлер экосистемасына дамыған кәсіпкерлер дайындайтын білім орындары қажет деген тұжырым да қате болып шықты. Кәсіпкерлікке оқытқан, кәсіпкерлердің потенциалдарын көтеруге ықпал бола алмайды. Силикон алқабы, маршрут 128 (Израиль), Исландия сияқты кәсіпкерлер  орталықтары білім беру орындарынан бұрын пайда болған екен. Бірақ, білім орталықтары сол кәсіпкерлер экосистемасы үшін кадрлар дайындайтындары рас. Соған қарағанда, бірінше экосистема құрып, сосын сол экосистема үшін білім орындарын ашу дұрыс болып тұр ғой, керісінше емес.      

 Тағы бір қателік, үлкен компаниялардың кәсіпкерлер экосистемасын жоққа шығарады екен деген тұжырым, себебі сол үлкен компаниялар экосистемада тәжірибе алған, жоғарғы технологияны меңгеріп білген мамандарды керек етеді. Әрине, үлкен компаниялар өз нарықты бәсекелестік қабілеттерін сол кәсіпкерлерден қорғайды, бірақ қабілетті экосистема үлкен компаниялардан бөлек қызмет жасай алмайды, себебі үлкен компаниялар кәсіпкерлердің дамытқан тауарларын тұтынып, оларды сол тауарларын өткізетін каналдар ашып беріп отыр. Талантардың экосистемадан компанияларға жұмыс аударуы мен компаниялардан кадрлардың стартаптарға ауысулары сол экосистеманың дамуына ықпал жасайды.

Алайда, жаңа жұмыс орындарын ашу кәсіпкерлік экосистема құрудың ең маңызды шарасы болып табылады. Әр экосистемаға қатысушы жеке қызметтеріне байланысты алдарына бөлек мақсат қойып, оларды болып жатқан инициативаларға қызықтыру қиын шаруа сияқты.

Егерде экосистема мүшесі шенеунік болса, оның мақсаты жаңа жұмыс орындарын құрып, салықтан түсетін қаржының көлемін көбейту болып табылады.

Егер экосистема мүшесі банк болып келсе, оның мақсаты төмен пайызбен үлкен кредиттер беру болып келеді.

Егер экосистеманың негізгі мүшесі университеттер болып келсе, білім деңгейін көтеру, университеттің репутациясын жоғарлату, гранттар мен үкімет саласынан дотацияларды қолға түсіру әрекеттерінің жеңілденуі ең маңызды мотивация болып келеді.

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың мақсаттары әрқашанда пайда табу болса, үлкен корпорациялар үшін жаңа таланттар тауып, өз құрамдарындағы таланттарды ұстап қалу, және материал мен техникалық қамтамасыз етуді жеделдету ең маңызды мақсат болып табылады.

Сонда, бірнеше экосистема қатысушылары пайда табулары керек екен, экосистеманың қаржылай тәуелсіз және тұрақты болуы үшін.

Кәсіпкерлердің айтулары бойынша, олар үш маңызды қиыншылықтардан өтуге мәжбүр болып отыр екен, ол  бизнестің дамуының алдыңғы кездерінде таланттардың жетіспеушілігі, артық бюрократия, және капиталдың тапшылығы. Әрине, бұл үш қиыншылықтар кәсіпкерлердің ең негізгі қиыншылықтары болып келеді, бірақ олар экосистеманың проблемалары емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.