Блокчейн дегеніміз не?
Блокчейн — бұл ақпараттың Blockchain тізбегінде таратылатын және сақталатын орталықтандырылмаған есеп технологиясы. Әрбір транзакция блоктағы бұрынғы ақпараттармен байланысты болады, сондықтан әрбір блок алдыңғы блокпен қабысып, белгілі бір уақытта оның іздерін (хэш) қайталайды. Блокчейн — бұл белгілі бір уақыттағы нәрселердің күйін бейнелейді, оған Bitcoin немесе Ethereum операцияларын келтіруге болады. Блокчейннің екі түрі бар — бұқаралық және жекелік.
Бұқаралық Блокчейннің орталық сервері және әкімшісі жоқ. Ол әлемдегі барлық компьютерлерде таратылады, сол себептен әрбір компьютер әлемдегі барлық транзакциялар туралы соңғы ақпаратты жинақтайды. Сондықтан мұны үлестірілген есеп технологиясы деп атайды. Тізбектегі жағдай немесе барлық орындалған транзакциялардың есебі жоғалмайды, өйткені орталықта сақтау жоқ, сондықтан хакерлік шабуылдар мүмкін емес. Тіпті хакерлер тізбектің кейбір бөлігіне зиянын тигізе алса да, олар әлемдегі барлық қатысушылардың жұмысына әсер ете алмайды, сондықтан тізбектегі ақпаратты жоғалту мүмкін емес болып саналады. Ешкім тізбектегі ақпаратты өңдей немесе қайта жаза алмайды, себебі алдыңғы барлық транзакцияларды өзгертуге орасан зор ресурстарды қажет етеді. Кез-келген заңсыз әрекетті Blockchain қатысушылары көріп отырады. Осы заңсыз операцияларды кім және қай түйіндіде өткізуге тырысқанын анықтау оңай.
Бұқаралық Блокчейнде қатысу үшін рұқсат алудың қажеті жоқ, өйткені тізбектегі қатысушы ақшаларын биткоиндерге айырбастауға қатысады немесе ауыр алгоритмдерге негізделген күрделі есептерді шешу жұмыстарын жүргізеді.
Тізбекте біріккен қатысушылар ұланғайыр күш болып табылады. Оларды майнерлер (талапкерлер) деп атайды, және әрбір майнер жеке түйінді болып табылады. Барлық түйінділер өзара байланыста, сол себептен олардың байланыстары өзара тең желі болып келеді.
Майнерлар жаңа блокты ұсыну үшін бірнеше расталмаған транзакцияларды бір түйіндіге байланыстырып, көптеген крипталау жұмыстарын жүргізеді, содан кейін олар жұмыстарын дәлелдеулері қажет болып келеді. Майнерлар өз еңбектерін дәлелдеу үшін көп қуат пен уақыт жұмсауға мәжбүр.
Қазіргі уақытта Блокчейндегі әрбір компьютер әрбір транзакцияны өңдеп тұр, нәтижесінде процесс өте баяу жүруде. Сол себептен, 1 мегабайттық блок құрастырып Блокчейнге тіркете алатын мүмкіндік ізделуде.
Бұл унификацияланған біртұтас блоктар транзакцияларды блоктарға біріктіру процесін тездетеді деп саналады. Бұл процес компьютерлердің тек белгілі санын (түйінділерді) тізбектегі барлық компьютерлердің орнына транзакцияларды өңдеуге қолдануға, және процестің қауіпсіздігін бұзбай, түйінділер арасында жұмысты үлестіруге мүмкіндік береді. Унификацияланған (scaled) Блокчейн жүйелердің жылдамдығын арттырып, Интернеттік Заттарды жандандыра отырып, VISA және SWIFT-термен бәсекеге түсе алатындай болады деп күтілуде.
Жекелік Блокчейннің бұқаралық Блокчейнге қарағанда айырмашылығы, орталық сервер мен үйлестірушіні талап етеді. Алайда, тізбек ішінде өзгерістермен жасанды боямашылыққа әрекеттер басталған сәтте, орталықсыздандыру процесі күшіне енеді де заңсыз әрекеттер тізбекте көрініп қалады.
Блокчейннің Bitcoin және Ethereum қатысушыларынан басқа әлемге пайдасы қандай? Бұқаралық Блокчейн жүйесінің барлық көркемділігі оның шындығында, тізімдегі заттарын немесе адамдарын, қандайда бір процестердің иелері мен қатысушыларын, меншігін өзгерту мүмкін емес. Сізде жер телімі, мүлік немесе автокөлік болатын болса, оларды тізім ішінен алып тастау, иә болмаса тізімдіні қайта көшіріп өзгерту мүмкін емес.
Жекелік Блокчейн барлық қатысушылардың рұқсаты бар немесе қатысуға рұқсаты бар болып келеді. Құрылыс кезіндегі әрбір материалдың қозғалысын, әрбір зауыттан өндірілген өнімнің тұтынушыларға дейін жетуін, олардың есебінің ашықтығын қадағалауға және шикізаттан сатылымға дейінгі барлық тізбекті бақылауға жаңа мүмкіндіктер береді.