ЖИ-ті реттеу
Көптен бері талапкерлер мен ғалымдардың айтып келе жатқан уайымдары, Жасанды Интеллектті (ЖИ) реттеу, міне өмірден орын тауып, жарыққа шығып отыр. Өйткені Гарри Каспаровтың 1997 жылы ЖИ-тен шахмат ойынында жеңілген кезден бастап, ЖИ-тің адамнан интеллектісі едәуір жоғары, даму қарқыны адамзаттың келешегіне қатер төндіріп тұр деген пікірлер көбейіп кеткен еді. Әйгілі Терминатор кинофильмінде көргендей Skynet сияқты ЖИ адамзатты ақырына жеткізуі мүмкін деген әңгімелер әлге дейін айтылуда.
Осы Ақпан айында Еуропа Комиссиясы (ЕК) шығарған жетекшілігі ЖИ технологиясын қолданудың келешекке үлкен тәуекел екенін айта тұра, реттеу мен инвестиция тәсілдемелерін көздеп, саяси бағыттарында (White Paper) баяндады. ЕК барлық Еуропа институттарын, бүкіл индустрияларды, әлеуметтік және азаматтық ұжымдарды, зерттеушілерді, және бұқара халықты ЖИ-ді реттейтін саяси бағдарламаларды талқылау процесіне белсенді түрде қатысуға шақырады.
Технологияның дамуы адам өмірінде орталық роль ойнап отырғанын, халықты технологияға сенімділік білдіруді, технологияның пайдасын мәдени қағидаларды сақтай отырып, заңды қолдай тұра, технологияны аэронавтика, энергетика, автокөлік, және медицина саласында дамыған өнімдер көре-білудің қажеттігін атап өтті.
Дамыған компьютерлендіру, деректердің баршылығы, алгоритмдердің күш-қуатының асуы ЖИ технологиясының дамуына ықпал етіп отыр. Еуропа технология мен индустриялық құдыреттерін біріктіру арқылы, цифралық инфраструктура мен реттеу қағидаларын мәдени құндылықтарында құрастыра отырып, ЖИ экосистемасын, «сенімділік экосистемасын», дамытуға шақырды:
- Азаматтар үшін денсаулық сақтау, үй қондырғыштарының сапасын көтеру, қауіпсіз және таза транспорт саласы, жақсарған халыққа қызмет көрсету;
- Бизнес дамуында продукция мен кызмет көрсетудің жаңа ұрпағына көшу машинақұрастыру, транспорт, киберқауіпсіздік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, және үстеме қосымша құн, туризм;
- Халыққа қызмет көрсету саласында білім беру, энергетика, қоқыс өңдеу, заң сақтау, азаматтардың қауіпсіздігі, және адам құқын сақтау болып табылады.
Негізінде индустрия мен ғылымның сұрағына бейімделген ЖИ экосистемасының ең маңызды қатысушысы адамның жеке бас абыройы мен жеке бас мүддесін қорғау ЖИ технологиясының азаматтық қоғамға көрсететін кызметінің ең басты приоритеті болып табылуға тиісті.
Еуропаның бұл ұмтылыстары жершарының ЖИ технологиясын жақсы меңгеріп алдыңғы шепте келе жатқан Қытай мен АҚШ-тан артта қалып қоймаудың амалы болып келеді. Солай бола тұра, әлемдегі бірінше ЖИ технологиясын реттеу әрекеттері болып саналады. Дегенмен, Қытай елінің экономикасын толық ЖИ негізінде қайта құру бағдарламасына қарағанда, алдын ала ойынның ережесін сақтау қағидаларын еңгізе тұра, біздің өмірімізге әсер ететін ЖИ технологиясының аяғын абайлатып бастыру болып табылса керек.
ЕК жетекшілігімен толық танысуға болады: https://ec.europa.eu/info/sites/info/files/commission-white-paper-artificial-intelligence-feb2020_en.pdf