Крипто жаңалықтар

MIT technology review хабарлауы бойынша, Эстония өз мемлекетіне кәсіпкерлерді және олардың криптовалютасын келтіру мақсатымен, қызығу танытушыларға электронды-резиденттігін ұсынуда. Электронды-резидент иесі өзінің электронды цифралық қолымен Эстонияға аяғын баспай-ақ, өзіне жеке бизнес және банкіден есепшот ашуға мүмкіндік алады. Электронды-резиденттік Еуропада заңды бизнес жасауға, оның цифралық инфрақұрылымын пайдалануға, және мемлекеттегі төмен деңгейдегі салық төлемінен пайда табуына мүмкіндік береді.

Бүгінге дейін жаңа цифралы резиденттермен 700-ге жуық мекеме ашылған, Эстония үкіметінің жоспары бойынша 2025 жылға дейін цифралы резиденттердің санын 10 миллионға жеткізу көзделіп отыр.

Әлемдік баспасөз ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қытай Ғылым Академиясы және Қытай Инжиниринг Академиясы арасында өткен кездесуде: «Жасанды интеллект, кванттық ақпарат, мобильды коммуникация шаралары, интернеттік жүйелер және блокчейн – бұл серпінді қосымшалардың үлкен қарқынымен дамуын тездететін технологияның жаңа буыны» — деп айтқан сөздерін белсенді таратуда.

Қытайдан көптеген майнерлердің кетуге мәжбір болғанымен, олардың криптовалюта негізінде құрып кеткен технологиялары әлі күнге дейін дамып, ел дамуындағы төңкерістік өзгерістер оң бағыт алуда.

Бір қарағанда бұрыннан белгілі ақиқат, таң қалдыратын технологияларды адамзат күнделікті өмірде байқап келеді. Бірақ, ойлап қарасақ, Қытай секілді ірі мемлекеттің басшысының осы айтқандары, өз еліндегі жаңа технологиялардың дамуына риза екенін білдіреді. Өйткені ел экономикасын жасанды интелектке аудару жоспарын бекіткен ешкім емес нақ өзі болатын.

ҚХР төрағасы өз сөзін: «Біз аяқ басқан 21 ғасырда, ғылым және технологиялық инновация революциялық даму кезеңіне жетті. Ғылыми-техникалық революцияның жаңа айналымы ғалам инновация картасын және ғалам экономика құрылымын қайта құруда» — деп жалғастырды.

Бұл деген саяси өте салмақты сөздер, ол Қытайдың осы салада әлемнің барлық елдерінен ілгері кеткендігін білдіретін ұғым. Егерде олай болмаған жағдайда, Қытай басшысы инновациялық карта туралы мұндай ойларын ашық айтарма еді? Бәрімізге белгігі, бұл күнге дейін инновациялық технология саласының көшбасшысы АҚШ болып келген еді.

Қытай компаниясы Baidu бір секундте 100 мың транзакция өндіре алатын, криптовалюта майнингі тұтынатын қуатқа қарағанда аз мөлшерде қуат жұмсайтын жаңа платформасын әлемге таныстыруға жақын. Энергияны үнемдеуге Консенсусқа қатысатын түйінділер санын басқару арқылы қол жеткізуге болады. Жаңа платформаның өркендеу сатысын Эфириум және Биткоин экосистемаларымен салыстыруға болады деп күтілуде.

Hyperledger-мен бірлесіп іске асырылған Baidu Trust платформасы қаржы секторына қызмет көрсететін блокчейн боп табылды. Baidu мәлімдемесі бойынша, ол трейдинг, криптовалюта, қаржылық операциялар, сақтандыру бизнесі, қаржылық аудит және басқа операциялар үшін өте ыңғайлы платформа.

Үнділік криптовалюта биржалары өз үкіметінен осы саладағы атқарылып жатқан жұмысты реттеуге, бірақ тыйым салмауды өтініп отыр. Олар транзакциялардың толық ашықтығын құруға және Үндістанның резервтік банкісімен толық ынтымақтастық жасауға дайын екендіктерін  айтуда.

Бұған дейін Үндістанның резервтік банкісі кәсіпкерлерге есепшоттарын жауып, 3 ай ішінде криптовалюта биржаларымен басқа қатынастарды тоқтатуға шешім қабылданған еді. Бұл іс Жоғарғы сотқа дейін жетіп, сот биржаларға резервтік банкімен диалог жүргізіңдер деп шешім шығарғанды. Биржалар екі негізгі реттеу талаптарын назарға алу қажеттілін алға тартады, олар өз-клиентіңді-танитын бол және ақшаны жылыстатуға қарсы нұсқаулықтар. Сонымен қатар, биржалар клиенттердің паспорт деректерінің реттеушілірге қолжетімді болуын және криптовалютаны сақтандыру мәселелерінің ашық болғанын қалайды.

Егер бұл тарапта басты фишка Биткоинда болып, қатысушылардың бүркеншікті аттары ашылып қалатын болса, онда криптовалютаның қолданыста жүрген кәдімгі валюталардан еш айырмашылығы байқалмайтынын білген жөн.

Блокчейннің алғашқы семинарында хабарлағанымыздай, IAME компаниясының ұсынысы бойынша транзакцияға қатысушылардың тұлғасы анықталып қалуы мүмкін, бірақ бұл блокчейн тізілімінің ең басты тартымдылығы, орталықтандырылмаған қағидасы, бұзылады емес пе? Мүмкін уақыт өте келе, әр елдегі криптовалюта нарықтары Үндістандағыдай ұлттық сипатқа ие болып қалар. Дәстүрге бай елдің реттеуші құралдары басқа елдердге қарағанда өзгеше болуы әбден мүмкін, өйткені саясат пен ұлттық дәстүрлер бір-бірімен тығыз қилысып келіп, кейде оларды бір-бірінен бөлшектеу өте қиынға түсетін сияқты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.