Инновация экосистемалары
Инновация экосистемасы адам капиталы негізінде құрылады, онда ақша капиталын қанша салса да, егер адам шығармашылығы аз болып келсе, инновациялар да тайыз және маңызы төмен болмақ. Көптеген ірі компаниялар өздерінің ішкі инновациялық мүмкіндіктерін жоғарылату мақсатында өзінің нарықтағы бәсекелестерінен озып шығу үшін креативтілігін генерациялайтын әртүрлі қызметтегі жаңа кеңесшілерді жалдайды. Дегенмен, компания қандай ірі болса да, инновация экосистемасы тек бір компанияның менеджментінің тілегімен шектелмеуі тиіс. Басқа экосистемалар туралы білетініміздей, мұнда да табиғи экосистеманы ескеру қажет. Мұнда өзара қолдайтын орта, тіршілік етушілер мен олардың арасындағы қарым-қатынас, және ортаның әрдайым жаңаруы болуы керек.
HarvardBusinessReview зерттеушілер, менеджмент өкілдері, техникалық сарапшылар мен сыртқы кеңесшілер қатысатын арнайы инновация қоғамын құру қажет деп жазады. Қоғам мүшелері инновация жобаларында жұмыс істейтін бөлімше өкілдерімен кездесіп, белсенді әңгімелер жүргізе алады. Ол жерде әртүрлі бытырап кеткен мамандар топтарын біріктіруге, ұқсас мәселелерді талқылау мен олардың шешу жолдарын табуға көмек көрсетіледі.
Мәселелерді шешудің инновация жолдарын тарату үшін жобалар басталмас бұрын ұжымның креативті бөлігіне үздік идеяларды ұсыну қажет. Және бұл жерде басты рольді инновация қоғамы ойнай алады. Болашақ инновация жобаларының қызметкерлерін идеядан жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету дәл қадамдарын анықтай отырып, ынтымастық мәдениетін орнатып, бүкіл компанияның инновациалық потенциалын едәуір көтеріп тастайды.
Инновациалық қоғамдар инновация жобаларын алға жылжыту құрылымын құратындығын, алайда бұл жобаларды басқармайтындығын естен шығармау керек. Инновация экосистеманың басты жетістігі қарым-қатынастың, тілдесудің еркіндігі болып табылады, себебі инновациялық жобалардағы қызметкерлер мәселелерді басқа жобалармен тікелей қарым-қатынаста талқылап бас кеңестің делдал араласуына жеткізбеуге тиіс. Осындай еркіндік жобалар бірімен бірі байланыста болуына және горизонттық деңгейде бірін бірі толықтыра отырып ашық тілдесу мәдениетін құруды, вертикальды корпоративтік құрылымға қарағанда, ой-пікірдің еркін жылжуына және шығырмашылық атмосферасының орнығуына ықтимал жасайды.
EngineeringResearchCenters (ERC) инновацияның ашылудан коммерциялануға дейін әртүрлі тұлғалардың араласуын талап ететіндігін хабарлайды, соның ішінде академиялық зерттеушілер, шағын бизнес, инвесторлар қоғамы және коммерциялық индустрия бар.
Егер спектрдің бір жағында ірі мемлекеттік ассигнованиялар мен фундаменталды ерттеулер тұрса, спектрдің екінші жағында корпоративті инвесторлардың жоғарғы дәрежесі бар комерциялық нарық тұр, ол өнімнің дамуына тікелей бағытталған. ERC айтуынша, олардың арасында «Өлім Аймағы» бар екен, ол жерде потенциалды инновациялар ресурстардың жеткіліксіздігінен өліп жатқан секілді.
Міне, осында индустриялар мен инвесторлар өздерінің коммерциялық потенциалдарын танып, пайдалана алады. Ол үшін ынтымақтастық құралдарын құрастыру қажет, атап айтқанда таратпаушылық туралы келісім, өзара түсіністік туралы меморандумдар, немесе әртүрлі ғылыми ұйымдар мен ғылыми бағдарламаларға бару қажет. Басқаша айтқанда, «Өлім Аймағын» сәтті өтудің жағдайын жасау қажет.
Орталықтар, бағдарламалар, зерттеулер мен ашылудан инновацияға дейінгі жетістіктер туралы толығырақ осы жерде біле аласыздар: http://erc-assoc.org/content/welcome-erc-program