Facebook ғарышқа

Facebook ғарышқа аттанбақшы және телекоммуникация саласында SpaceX-ке бәсекелестік тудырмақшы.  Facebook бөлімшесі, Калифорниялық PointViewTech  компаниясы Wilson тауының шыңында байланыс мүлдем жоқ немесе әлсіз байланыс орындарында мобильді және стационарлық кең жолақты Интернет сигналдарына қол жеткізуді жақсарту тиімділігін сынау үшін екі обсерватория салуға рұқсат алды.

Уақыт өте келе бұл обсерваториялар Athena атты серікпен және болашақ «ғарыш кемелерімен» лазерлік байланыс үшін Facebook байланыс жүйесінің бір бөлігі болуы мүмкін.

Болжамдарға сәйкес, байланыстың лазерлік технологиясы радиомен және оптикалық байланыс түрлеріне қарағанда ақпараттың тасымалдануының жоғарғы тығыздығын қатамасыз ете алады. Сонымен қатар телекоммуникацияның ең қауіпсіз ортасы болып есептеледі. Одан бөлек, геостационарлық орбитадағы бұл айтарлықтай жеңілдетілген спутниктер көзге әсері жоқ қысқатолқынды инфрақызыл сәулелер түріндегі лазерлік белгілерді жібере алады. Лазерлік технологияның тағы бір ерекшелігі — оның жаңашылдығы мен реттеуді қажет етпейтіндігі. 

Сонымен, SpaceX, Amazon және енді Facebook жерге жақын аймақтағы орбитада өзінің болуын белгілемек үшін ғарышқа аттанбақшы. Олар біздің келісімімізсіз бізге әртүрлі радиосигналдар мен жарық сәулелерін жібереді, ал «антидот» қайда? Кез келген әрекеттің соған сәйкес кері әсері де бар емес пе?

Енді барлық жерде таралған және орбитадан тегін келетін Интернетті жақсы қабылдамайтын мемлекеттер сақтану шараларын  қолданулары мүмкін. Және шамамен, бұл бағыттағы күрес енді басталған сияқты, және көптеген қызық әлі алда деп айтуға болады.

Мені бір нәрсе алаңдатады, орбитаның спутниктермен ластануы көбейіп келеді, енді міне әлеуметтік желі де ғарышқа бармақшы. Сонда ақшасы бардың бәріне ғарышқа шығып кез-келген қондырғыға қанат байлап ұшырта беруге жол ашық болғандағы ма? Жер бетінде, сондай-ақ әлемдік мұхиттарда өмір сүретін организмдерге әсерін кім анықтайды, және бұл көріністің тек бастамасы екенін ескеру қажет. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.