Криптомания 2

MIT technology review роботтардың басып алу әрекеті, әсіресе медицина саласында көп кездесетіні туралы хабарлайды.

Бостондағы балалар ауруханасына сегіз жасар қыз солжақ бүйірінің шаншу шағымымен жеткізілді. Диагнозда солжақ бүйректің бітелуі анықталып, хирургтар оның сол жағынан операциялық өріс ретінде 15 см тілікті жасауға мәжбүр болып, содан кейін ол ауруханада кемінде бес күн ем алып, үйге жіберілгенше жатуы мүмкін еді.

Оның орнына «Да Винчи» роботы ұзындығы 2,5 см тілікпен операция жасап, бір күннен кейін қыз қарапайым таңғышпен ауруханадан үйіне қайтып оралды.

Da Vinci 3D өлшемді көру мен операцияларға арналған құралдар туралы  ақпарат беру қабілеттерімен қамтамасыздалған , және қарапайым лапроскопияға қарағанда әжептәуір жеңілдетілген қозғалыстар жасай алады.

Қазіргі уақытта бір ғана компания Da Vinci роботын шығарады екен. Хирургияда пайдаланылатын роботтардың қымбаттылығы медицинаны түгел басып алуына кедергі болып тұр.  Оған қарамастан, тәжірибелі хирургтарды күрделі операцияларды тәжірибесіз мамандардың да жасай беру мүмкіндігінің туғаны мазалайды.

Бүкіл әлемдегі инвесторларды қызықтырған Блокчейн, ғалымдардың назарына түсіп отыр, әсіресе, технологияның  тәуелсіз ақиқат бағалау, және оның тең-теңімен шолу тізбегін құруға арналған сараптама жасау мүмкіндігі қызықтырушылық тудырды.

Зерттеушілер кеңінен қолданатын Wolfram Mathematica алгебралық платформасы екі жақтың да бақылауында болмайтын ашық Multichain платформасын таныстыруға үмтылыс жасады.

Ғалымдар Блокчейн бойындағы зерттеуге қажетті мәліметтерді жинауға және сақтауға арналған блоктардағы деректерге сенімділік білдіріп отыр. Сонымен қатар, ғалымдардың зерттеу бағытында жиі өлшеулер жүргізетінін біле тұра,  блоктарды ғылыми мұрағат ретінде пайдалануға болмайтынғын айтады. Өйткені, әр ғылыми жазбалардың өзіндік құны бар және ғалымдардың көптеген мәліметтерді шығаруларына байланысты ғылыми жазбалардың жиынтығы көбейтуіне қарамастан, оны ғылыми архив ретінде қолдануға болмайтын секілді..

Kodak компаниясы Wenn Digital компаниясымен бірге серіктестік құрып, әлемдегі алғашқы фото-криптовалютасын шығармақшы. Жаңа крипто-валюта барлық фото-бейнелушілерге Блокчейн технологиясын қолдана отырып, өз фотосуреттерін кімнің пайдаланып жатырғанын бақылауға мүмкіндік береді.

Жаңадан іске қосылған KODAKOne платформасы фото-бейнелеушілердің авторлық құқығына сәйкес цифралық тіркелімді жасайды. Жаңа және ескі фотосуреттерді осы платформа арқылы лицензиялауға болады және оларды пайдалану үшін лицензия берілгеннен кейін бірден құны төленеді. Жаңа фотографиялық экономика жағдайында кәсіби және әуесқой фото-бейнелеушілер Блокчейн платформасы арқылы құпия және қауіпсіз ретінде, еңбек ақыларын толық алуға мүмкіндік алады деп сенімділік білдіруші.

KODAKOne платформасы тіркелген қатысушылардың IP-мекен-жайын қорғауға міндетті және платформада тіркелген фотосуреттерді бақылауға және қорғауға мүмкіндік береді. Егер лицензиясыз операция кенеттен табылса, KODAKOne осы заңсыз пайдаланылған фотосуреттер үшін төлем алуға мүмкіндік беретін процесті бастауға міндеттенеді. Уәде етілген ICO 2018 жылдың 31 қаңтарында өтеді және KodakCoin деп аталатын жетондарды сатып алуға АҚШ, Канада және басқа таңдалған елдерден аккредиттелген инвесторлар ғана қатыса алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.