Криптомания 3
Биткоиннің ағымдағы құлдырауы, майнинг жұмыстарына және криптовалюта бойынша операцияларды жүзеге асыратын қосымшаларға тыйым салумен байланысты.
Қытай үкүметі онлайн-платформалардағы шабуылдарын күшейтуде, енді Оңтүстік Корея мен Жапониядан да осындай ниеттер естіліп жатыр. Бұл елдер криптовалюта нарығын реттеудің жолдарын іздейді деп болжау керек және былтыр ең үлкен өсуге ие болған криптовалюта биржадағы серпіліс аяқталғандай.
MIT technology review криптовалюта құрудың ең басты идеясы оның кез-келген тараптардан бақылауға жатпайтындығынан болды деп хабарлайды. Бүгінгі күні апта сайын дерлік жаңа криптовалюта шығарылуы және оның бақыланбайтындығы одан әрі күшейе түскендей.
Өкінішке орай, Cornell университеті зерттеушілерінің тұжырымдалауна қарасақ, Биткоин де, Эфириум де, мүлдем бақылауға жатпайды деп санауға болмайды. Төрт үздік Биткоин майнерлері және үш үздік Эфириум майнерлері барлық криптовалюта өнімінің қуаттылығының 50% -дан астамын иемденім отыр. Бұның өзі, валютаны басып шығаратын машинаның бір қолда болғанына қарағанда едәуір жақсы, және Блокчейннің мөлдірлігін ұмытпаған жөн, және бұл басқа индустриялардың Интернет Заттары платформаларын құрастыруларына ықпал жасап отыр.
Канаданың суық климаты, электр қуатының арзандығы және Қытайдағы майнер өнім орталықтарының жұмысына тыйым салынуы, қытайлық майнерлердің осы елге қоныс аударуы, криптовалюта өндірісі үшін келесі жұмақ бола алатын сияқты. Деректерді өңдеу және сақтау орталықтарын Квебекке тарту әрекеттері криптовалюта өнім орталықтарының көбеюіне басты себеп болып отыр. Суық ауа райының артықшылығы: майнинг жұмыстары кезінде компьютерлер толық жүктемеде жұмыс істегенде, олар жиі қызып кетеді, егер тиімді салқындатқыш орнатылмаса, сәтсіздікке ұшыратады, әрине бұл жағдай салқындату жүйесін орнатуға қосымша шығындарға соқтырады.
Германия орталық банкісінің криптовалюталарды реттеудің кез-келген әрекеті ғаламдық масштабта жасалуы керек екендігі туралы Reuters мәлімдейді, әйтпесе ұлттық деңгейдегі ережелерді ғаламдық процестерге сәйкестендіруге мүмкіндік болмайтындығын айтады.
Қытайлықтардың майнерлерді Канадаға көшіру әрекеті көрсеткендей, бір ел блокчейндегі жұмысты біршама уақытқа баяулатуы мүмкін, бірақ оны толығымен Биткоин мысалындағыдай жоюы мүмкін емес.
Maersk контейнерлер тасымалдаушы компаниясы IBM-мен бірлесіп миллиардтаған доллар үнемдеуге және сауда процесін жеделдетуге мүмкіндік беретін өнеркәсіптік сауда платформасын құруға тырысуда, әсіресе үлкен қағазбастылықты қажет ететін трансшекаралық сауда операцияларын атап өтуге болады. Блокчейн технологиясы, платформа негізінде жұмыс істейтін, ғаламдық контейнерлік тасымалдау жүйесін басынан аяғына дейін цифрландыруға көмектеседі.
«Қазіргі уақытта бұл салада жетіспейтін үлкен компонент — цифрландыру және экосистеманы стандарттау үшін мемлекеттік қызметтерге деген қажеттіліктің құлпын ашу» — дейді Maersk компаниясының сату жөніндегі директоры Винсент Клерк. Мұздату контейнері 30 адам мен ұжымдардың қолынан өтеді және ақпарат алмасудың 200-ден астам тікелей байланысын қамтиды, осы операциялар тасымалдаудың жалпы құнының бестен бір бөлігін құрайды.
Bloomberg әлемдегі ең үлкен криптовалюта биржасы Гонконгта орналасқанын және алмасу процесі Binance.com веб-сайты арқылы жүзеге асырылатынын хабарлайды, ол апта сайын 2 миллион жаңа пайдаланушыны жүйесіне қосады — бұл 240 мың сағат және 6 миллиард доллар мөлшерінде криптовалюта алмасуын қамтамасыз етеді. Биржа қатысушыларының мұндай жылдам өсуі Binance.com сайтында үлкен трафик туғызады, сол себептен олар Amazon.com сайтындағы жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға сұраныста. Қазіргі уақытта компания Жапонияның Қаржылық Қызметтер Агенттігінен криптовалюталық айырбастау операцияларын жүргізуге лицензия алуға талпынуда.