Критпомания 4
Reuters агенттігінің хабарлауынша, «жетондардың бастапқы орналастыруы» (ICO) бар жобалар айына орта есеппен 100 рет хакерлік шабуылға ұшырайды екен, бұл өз тарапынан осы криптовалюта орналастыру жобаларына инвестиция салу идеясына үлкен қауіп төндіреді. Мәскеудің Group-IB компаниясының кибер-кеңістіктегі қауіпсіздікті зерттеулері, жыл басынан бері хакерлік шабуылдардың саны 450 мыңға дейін өсіп, бұрынғыдан он есе артқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, Ernst & Young зерттеулері жариялағандай ICO арқылы алынған 3,7 миллиард доллардан шамамен 400 миллион доллар ұрланғанын көрсетеді. Соңғы жылдары ICO жобаларының тым танымал болуы, бірнеше жұмыскерлері бар шағын компаниялар көбінесе инвестициялық дүрбелеңдер кезінде сәтті өткізген әрекеттерімен жүздеген миллион доллар жинай алатындығын көрсетті, және оның заңдылығына реттеушілер кенеттен оянып, ICO схемаларын мұқият зерттегеннен кейін көздері жетіп отыр.
Хакерлердің электрондық пошталар мен веб-сайттардың парольдарын ұрлауы жалғасуда, бұл ұрлық айына 1,5 миллиард доллар көлеміне жетті. Кейбір жағдайларда, өтірік «цифралық шиланға» салдырту үшін хакерлер жалған адрестерімен алдап, инвесторлардың ақшасына иемденіп алыпты.
Coindesk 2013 жылы криптовалюта биржалық саудаларын демократияландыруды алға жылжыту мақсатымен құрылған Robinhood криптовалюта сауда-саттық қосымшасының пайда болуын хабарлауда. Компанияның жоспарында қолданыстағы криптованияның пайдасын алу үшін ұялы қосымшасы арқылы bitcoin мен ether сату бойынша қызмет көрсетуін қарастырған. Қызметтер АҚШ-тың бірнеше штатында қол жетімді болады, содан кейін сауда аймағы кеңейеді деп күтілуде.
Компанияны SEC және АҚШ-тағы Қаржы институттарын реттеу агенттігі (Finra) басқарады және 1000 доллардан асатын сатып алынған криптовалюталарды дереу аудару арқылы ақысыз криптовалюта саудасын ұсынуды жоспарлап отыр.
Компания маржа саудасы мен жабылғаннан кейін сауда жасағаны үшін Robinhood Gold-тен сыйлық қызметтері үшін ақы алады. Компания сонымен қатар кәдімгі банктер сияқты шоттарда және құнды қағаздарда ақша сақтау арқылы пайда табуды көздеп отыр.
Жиналған $176 миллион венчурлық капитал және криптовалюта операцияларындағы мүмкіндіктер сізге опциондармен сауда жасауға мүмкіндік береді және мобильді қосымшалар арқылы өз қызметтері үшін онлайн-платформаға ие.
Қазіргі уақытта компания 100 миллиард доллар көлемінде транзакция процесін басқарып үлгерді, және өз клиенттерінің 3 миллионнан астам шотына қызмет көрсетіп отыр.
Bloomberg-тің хабарлауынша, кейбір компаниялар деңгейлерінің төмендігіне қарамастан шамадан тыс қызығушылық танытқан. Соңғы уақытта криптовалюта бағасының күрт көтерілуін пайдаланғысы келген американдық компаниялар тобы Блокчейн сөзін қосу арқылы компаниялардың атауын өзгерту амалдарын қолданып, кенеттен алыпсатарлық қысқа мерзімді саудагерлердің нысанасына айналды.