Биткоинды сатып алу
Yahoo Finance сізге алдымен «шиланды» сатып алуға кеңес береді, бірақ сіздің цифралық шиланыңызда монеталардың орнына, әріптер мен сандардан тұратын жеке кілтіңіз болады. Сіз «шиланды» Интернет жоқ қауіпсіз жерде ұстауыңыз керек. Сіз өзіңіздің жеке кілтіңізді бөлек дәптерге баяғыдай жазып, оны үйде бір жерге жасырып қояғаныңыз жөн.
Blockchain, Coinapult, BitGo, BitPay компаниялары сізге тегін «шиландарды» ұсынады. Кез-келген компаниялар өз сайттарында сауда-саттық операцияларына рұқсат бермейді. Белгілі өткізгіштер Coinbase және Uphold компаниялары сайтарында тіркелгеннен кейін биткоиндерді сатып алуға мүмкіндік береді. Сіз кез-келген басқа компаниялардан «шиланды» сатып алып, Coinbase және Uphold компанияларымен операция жасай аласыз.
Coinbase-тан сіз басқада криптовалюталарды сатып алуға болады, сатып алу операциясы АҚШ долларымен жүзеге асырылады. Сіз криптовалюта транзакцияларына қол жеткізбестен бұрын, қауіпсіздікке қатысты бірқатар сұрақтарға жауап беруіңіз керек.
Coinbase-та әртүрлі қосымшалармен байланыс бар, олардың бірі — Lawnmower, ол графиктер мен кестелер арқылы криптовалюта нарығының жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді.
Биткоиндеріңізді қай сайттан сатып алғаныңызға қарамастан, сіз оларды «шиланыңыздан» басқа сайттарда ауыстыра аласыз. Бүгінгі таңда бұдан басқада Bitfinex, Bitstamp, BTCC, itBit, Kraken және Okcoin секілді Биткоин алмастырғыштар бар, бірақ олардың кейбіреулері өте үлкен көлемдегі операцияларға арналған.
Толығырақ осында оқысаңыз болады: