Емдеуге арналған микроботтар
The Independent ғалымдардың спирулин түріндегі микророботтарды зерттеп шығарғандары туралы хабарлайды. Олар қашықтықтан басқарылады және қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдардың белгілі бір мүшелерін диагностикалау және әрі қарай емдеу бағытында жұмыс жасай алады.
Олар қажетті органды табуға мүмкіндік беретін магниттік қабілеті бар биологиялық жасушалар. Мұндай микророботтар басқа органдарға зиян тигізбестен зардап шеккен ішкі органдарды тиімдірек емдеу үшін адамның зақымданған дене мүшелеріне дәрілерді жеткізе алады.
Спирулин көпшілігіміз үшін қарапайым балдырлардан, фотосинтетикалық организмдерден өндірілетін тағамдық қоспалар ретінде белгілі. Олар бір клеткалы болып хлорелла және диатомдарда кездессе, ұзындығы 50 м-ге дейін жететін алып балдырларда көп клеткааралық түрінде болады.
«Функционалды микророботты нөлден бастап зертханалық әдістер мен процестерді қолдана отырып жасаудың орнына, біз интеллектуалды материалдарды тікелей табиғатта әзірлеуді ойластырдық», — дейді Science Robotics саласындағы зерттеулерге үлес қосқан Гонконгтағы Қытай университетінің инженері, профессор Ли Чжан.