3D өлшемді баспа

3D өлшемді баспа немесе  қатпарлы өндіріс күрделі өнімдерді материалдың үлкен бөлігін өңдеудің орнына қатпарларды төсейтін қарапайым қондырғылырдың көмегімен жасауға бағытталған. 2025 жылға қарай тұтынушылық өнімнің барлығының 3%-ы 3D өлшемді баспа технологиясының көмегімен жасалады деп күтілуде. Аталған мерзімге дейін 3 өлшемді баспа көмегімен жасап шығарылған автокөліктер де қолданыста болмақ. Неліктен баспа деп аталады ? Егер басы бір оське бекітіліп, оңға-солға жүгіріп тұратын бүріккіш принтер естеріңізде болса, 3 өлшемді басу қондырғылар тура сол қағидамен жасалған. Технология өзінің тиімділігін көрсете отырып, өндіріс нысандарының түрлеріне қарай жаңа түрлі 3D баспалар пайда болуда.

Қатпарлы өндіріс жасалуына көп күш жұмсалатын қуыс денелі, құбырлы, тор көз және т.б. да өндіріс үшін күрделі нысандарды жасауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, қатпарлары өндірістің көмегімен салмағы жеңіл және тиімді жасалатын құрамдардың сапасын қатпарлы баспада қолданатын метал, пластика және басқа құрамдарды өзгерту арқылы жақсартуға болады.

Экстремальды жағдайларда сынақ жүргізе отырып, құрамы мен функцияларын бақылауға, атомдар деңгейінде жобалауға қол жеткізіп, қатпарлы өнідіріс нәтижесінде алынған өнімдер табиғатпен бірге араласып, өзін-өзі жоюға және жақсартуға  қабілетті болып табылады деп есептеледі. Қатпарлы өндіріс экономикалық тұрғыдан да өнімнің тікелей шығынның төмендігімен ерекшеленеді. Егер материалдың бір түрін пайдалана отырып, түрлі өлшемдер мен пішіндердегі өнімдерді жасайтын болсақ, шығын міндетті түрде азаймақ. Өндірістің қалдығы азайып, медициналық қажеттіліктерді өтейтін дербес өнімдерді дайындау мүмкіндігі туады.

3D Bioprinting Solutions деп аталатын ресейлік компания адам органдарын дайындай алатын 3 өлшемді баспа жасап шығарып, адамның бүйрек, бауыр, жүрек сияқты мүшелерін трансплантация жасауға дайындық жасауда. Қазіргі уақыттың өзінде басып шығарылған қуық, несеп жолдары  және қан тамырлары клиникалық жағдайларда қолданылған. 2024 жылы қатпарлы жолмен басылған әлемдегі алғашқы бауырдың жасалуы күтілуде.

Ғарыш отрасында қатпарлы өндіріс ғарышкерлерге қажетті құрылыс нысандарын, керекті құралдар мен тұрғын үй массивтерін қалыптастыруға қажетті  бөлшектерді жасауға көмектесе алады. Еуропалық Ғарыш Агенттігі ай топырағының жоғарғы қабаттарынан жасалған құрылыс блоктарының өндірісінің өміршеңдігін анықтады. Өткен жазда NASA Халықаралық Ғарыш Станциясына 3D принтер орналастырып, салмақсыздық кеңістігіндегі алғашқы сомынды бұрайтын кілт жасай алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.