Генеративті Жасанды Интеллектер
Соңғы кезде бүкіл әлемді OpenAI компаниясының chatGPT деп аталатын Жасанды Интеллектінің пайда болуы үрейлендіруде. Әртүрлі қорқыныштар пайда бола бастады, олар жұмыс орындарын жоғалтудан бастап, ЖИ үстемділігі дәуірінің келуіне және күткендей, адам әлемінің соңы туралы болжамға дейін болып табылады. Ол ЖИ бес саусақты (мүмкін одан да көп), қуатты қолға иеленбей тұра, жәй ақпаратты жылдам тауып беру қабілетін көре сала, адам шынымен де осындай ЖИ-дің пайда болуына қорқуы дұрыс па?
Бәрімізге белгілі, жақында «ойын ережелерін» келіспестен, одан әрі ЖИ-ті дамытуды тоқтату туралы сұрап, мыңдаған қол қойылған үндеудің тарағаны. Яғни, ол ЖИ-ті реттеуді жедел түрде қолға алуды талап ету болып табылады, бұл мәселені Еуропа Одағы қарастырып, кейбір іс-әрекеттер жасап жатқаны туралы https://techno-alem.kz/ai-regulations/ мақаласында танысуға болады.
Жақында бізде бір қызық жағдай болды, жоғарыда аталған “ЖИ-ті реттеу”мақаласы біздің сайтымыздан жоғалып кетті. Ең бастысы, бұл мақала қазақ тілінде сақталғанымен, орыс тілінде жоғалып кетіпті. Біз бұл мақаланы өзіміз жоймағанымызды анық білеміз, дегенмен ол жоғалып кетіп, оны қайтадан қалпына келтіруге тура келді. Өйткені, мақала ЖИ мүдделеріне қайшы болған сияқты. Соған қарағанда, ЖИ шынымен жағымсыз мақаланы жою керектігін біледі ме екен, әлде қызығушылық танытқан адамдар мұны жасады ма екен? Қалай болғанда да, мұндай нәрселер адамды еріксіз ойландырады. Өкінішке орай, мұндай істерді тергейтін органның жоқтығы сезіліп тұр.
Мүмкін ЖИ тағдырын жақын арада білетін шығармыз, себебі АҚШ Конгресіндегі Республика партия мүшелерінің белсенділігімен ЖИ реттеу мәселесі қолға алынады деген хабар жарық көрді. Ал енді генеративті ЖИ мәселесіне тереңірек қарасақ, біз олардың жүздеген түрін табамыз, олар қазірдің өзінде адам өмірінің әртүрлі салаларында өз қызметтерін көрсетуде. ЖИ-дің генеративті деп аталатын себебі, олар адамның сұрауы бойынша кез келген тақырыптағы мазмұнды жасақтап беретін қабілеті бар.
Генеративті ЖИ тек жаңа мазмұнды туындырып қоймай, шет тілдерін аудару, сурет пен бейне жасап шығару, музыкалық композиция мен компьютер ойындарын әзірлеу сияқты әртүрлі қызметтер артқара алады.
Генеративті ЖИ негізгі принципі үлкен деректер жиынында машиналық оқыту моделін үйрету болып табылады, содан кейін модель үйренген үлгілер негізінде жаңа деректерді жасайды. Алайда, жасалған мазмұн әрқашан дұрыс болмауы мүмкін және жиі қателер орын алып тұр. Мысалы, chatGPT жұмыс істеу кезінде әртүрлі жауаптар беріп, қателескенде жиі кешірім сұрап, кейде жай ғана өтірік (!) жаза салуы көпшіліктің қорқынышын тыныштандыруы мүмкін. Генеративті ЖИ қазіргі уақытта адамдарға көмекші ретінде қызмет ете жата, олардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығармашылық процестің жаңа үлгісін енгізіп тұр.
Генеративті ЖИ қолданылатын танымал әдістердің бірі генеративті қарсылас желілер (generative adversarial network (GAN)) болып табылады. GAN екі нейрондық желіден тұрады — генератор және дискриминатор. Генератор жаңа деректерді жасайды да, дискриминатор жасалған деректерді бағалайды және оның шынайы немесе жалған екенін анықтайды. Екі желі бәсекелестік оқыту деп аталатын процесте бірге оқытылады, мұнда генератор дискриминаторды алдауға тырысады, ал дискриминатор жасалған деректерді жалған деп айтуға тырысады.
Генеративті ЖИ қолданылатын тағы бір танымал әдіс — вариациялық автокодер (variational autoencoder (VAE)). VAE — деректерді қысуды және ашуды үйренетін нейрондық желілер. Олар бар деректердің қысылған көрінісін жасай тұра, сол қысылған деректерді ашу арқылы жаңа деректерді жасап шығару үшін пайдаланылады.
Бірқатар генеративті ЖИ-лердің ең танымалы модельдерін талдап көрейік. Сөзсіз көшбасшы GPT-4 болып табылады, ол сұрауларға жауап ретінде адамға ұқсас мәтін құра алатын заманауи тіл үлгісі болып табылады. Оны саясат, экономика, медицина, тіпті бағдарламалау бойынша қызықтыратын кез келген сұрақтарға жауап алу үшін пайдалануға болады.
StyleGAN2 — NVIDIA әзірлеген, адам беттерінің жоғары сапалы фотореалистік кескіндерін жасай алатын генеративті қарсыластық желі (GAN). Оны жануарлар мен пейзаждар сияқты кескіндердің басқа түрлерін жасау үшін де пайдалануға болады.
OpenAI әзірлеген DALL-E — мәтіндік сипаттамалардан кескіндерді жасай алатын кескіндерді жасау модель үлгісі. Мысалы, DALL-E-ге «балмұздақ мысық» деген анықтама берсеңіз, ол балмұздақтан жасалған мысық бейнесін жасап береді.
GANimation — GAN негізіндегі модель, ол тұлғаның қозғалмайтын кескінін жандандыра алады. Оны мимикалардың шынайы анимацияларын жасау немесе тарихи тұлғалардың портреттерін жандандыру үшін пайдалануға болады.
Одан әрі OpenAI әзірлеген MuseNet — әртүрлі жанрлар мен стильдерде музыканы шығара алатын терең нейрондық желі. Ол сондай-ақ бірнеше жанрларды біріктіре тұра, бұрын-соңды естімеген музыканы да жасай алады.
Бұл танымал генеративті ЖИ үлгілерінің бірнеше мысалдары ғана, бірақ кең ауқымды қолданбалар үшін әзірленіп, қолданылып жатқан басқа да көптеген үлгілер бар. Олар туралы келесі жолы.