Тақияалы ЖИ

ЖИ-тің дамуы жеті мильді қадаммен жүріп жатыр және оны жасаушылардың өздеріне үрей тудыруда.

South China Morning Post Қытайдағы 30 аймақта мемлекеттік қызметкерлер және олардың туыстары арасындағы жемқорлықты анықтайтын қабілеті бар алгоритм көмегімен тәжірибе жасалғанын жазды. Тәжірибе нәтижесінде алгоритм таң қалдырды, шәнеуніктердің мазасын жақсылап алыпты. Алынған паралар мен заңбұзушылықтар ғана емес, сонымен қатар шенеуніктер мен олардың туыстарының өз ресми жалақылырына сай келмейтін қымбат тауарларды сатып алулары да анықталды.

Алгоритм тіпті болашақта мүмкін болатын, бірнеше шенеуніктердің қызмет түрінде орын алатын сыбайлас жемқорлық келісімдерін болжай алды. Нәтижесінде көптеген аймақтар, тәжірибені аяқтауға өте маңызды деген бірнеше аймақтардан басқалары, тәжірибені әрі қарай жалғастырудан бас тартты.

Элон Маск OpenAI компаниясының директорлар кеңесі құрамынан шығып кетті. Келіспеушіліктер ЖИ-ті зерттеу мен дамыту бойынша әдістер мен маңызды мәселелердің бағыттарын келісу кезінде пайда болды. Бұл әлемге танымал кәсіпкерлер ішіндегі адамзат ЖИ-ге бағынышты болып кетуі мүмкін деп әбіржіп жүрген және ЖИ-тіні бақылау қажеттілігі туралы ашық пікір білдіріп жүрген Элон Маск еді.

Оның Joe Rogan-мен белгілі әңгімесінде ол адамзат үшін ең дұрыс шешімдердің бірі адам миының қабығына қосымша адаммен ЖИ-ті біріктіретін электродтар қондыру қажет деп отыр. Солайша, адам мен ЖИ-тің осындай интеграциясы мидың импульстарының өткізу қабілеттілігі мен информация өткізу жылдамдығын арттыру арқылы мидың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сол уақытта OpenAI ЖИ-тің дамуының сәтті жетілгені соншалық, ол күллі әлемді дүрліктіруге қабілетті жалған жаңалықтарды өздігінен құрастыра алады деген пікірге келді. Идея берсеңіз болды ЖИ қалғанын құрастыра алады, тіпті контекске байланысты әсірелеп немесе драмалап жібереді деп хабарлайды. Сүйтіп, OpenAI жалпы бағыттағы лингвистикалық алгоритм жасап, оны трейнинг процесінде Интернеттегі әлемдік жаңалықтармен толтырды.

OpenAI жасап шығарушылары ЖИ-тің «Дональд Трамп оқыста аспанға ракета жіберіп, Ресей АҚШ-қа соғыс жариялады. Ресей ракета траекториясын анықтап, Ресей халқы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және стратегиялық қарулы басқыншылықтан қорғауда қажетті қадамдарды жасайтындығын хабарлады» деген жалған ақпараттарына таң қалды. Осы кезде OpenAI өздерінің лингвистикалық ЖИ-н көпшілікке қолданысқа шығаруды кідірте тұруға шешім қабылдады. Жаңалық деп осыны айт, күндердің бір күнінде осы ЖИ-мен ойын аяқталар, нақты аяқталар!

MIT Technology Review химия саласындағы, әсіресе жаңа дәрілерді анықтауда ЖИ-тің әлеуметті мүмкіндіктері бар екендігі туралы хабарлайды. Адамзат мүмкіндіктерімен салыстырғанда ЖИ қабілеттері шексіз деп сендіреді. Егер үлкен ақпарат базаларында машиналық оқыту көмегімен ЖИ трейнингін жүргізсек, онда ол жаңа дәрілерді жасау үшін молекулалардың бірге шоғырланатын барлық комбинацияларын зерттеуі мүмкін.

Қазіргі уақытта дәрілерді жасауға қатысатын молекулалардың шамамен 1060 саны бар екендігі анықталды. Әрі қарай, Quartz ЖИ өз қызметінің көлденең әсерлері бар туралы хабар бермейтіндігін және біз ЖИ-пен рецепт бойынша шығарылатын дәрілермен қарым-қатынас жасағандай қатынаста болу керектігіміз туралы жазады. Барлық дәрілердің көлденең әсер беретіні анық және дәріні қабылдаушы пациент дәріні қабылдау реті, қарама-қайшылықтарымен мұқият танысуы керек.

Өкінішке орай, ЖИ-тің нұсқаулықтары жоқ және ол ескертусіз қателіктер жіберуі мүмкін. Дәл солай, ЖИ әлеуметтік көмектен айыру туралы сұрақ шешілерде, емделу мақсатында қолданылуы мүмкін. Мысалы, ұйықтарда атақты әншілер мен әртістер тарихты оқып беретін, ұйқысыздықтан емделудің онлайн цифрлық бағдарламасы ұсынылғанда, жұмысқа орналасуда, егер әйел бұрынырақта әйелдер колледжінде оқыса, әйел жынысына қатысты бұрмалау мен дискриминациялауда, адам өміріне әсер ете алады деген тұжырымдар айтылуда.

Бірақ ЖИ-тің әлемдік экономикаға өте қатты әсері оның өздігінен жасап шығару қабілетінде болып отыр. «Жаңа нәрсе жасап шығару мүмкін емес, ойлап табылатын заттың бәрі ойлап табылған, құрастыруға болатынның бәрі құрастырылған», деген әңгімелерді біз жиі естиміз. Осы жерде ойынға ЖИ өзінің жасап шығарудың жаңа тәсілдерімен кіріседі. Мұндағы зерттеудің қиындығы үлкен ақпарат базаларымен шартталған және интер-тәртіптілік қатысуымен зерттеу және құрастырудың дәстүрлі тәсілдерін баяулатады.

Мысалы ретінде 1990 жылдары ойлап табылған литиум-иондық батареялар мен он жыл бұрын ойлап табылған силиконды күн панельдері келтірілген. Адамзат міне ұзақ уақыт бойы айтарлықтай ештеңе ойлап таппағандай. Машинаны оқыту қиындықты жақсы көреді, яғни адам үшін ақпараттар базасы қаншалықты көбірек шиеленіскен болса, ЖИ-ті соншалықты күшті жаттықтыруға болады. ЖИ зерттеу мен ойлап табудың құнын драматикалық түсіріп қана қоймай, сонымен қатар өздігінен жаңа инновативті идеяларды генерациялай алады.

Бәрі құлаққа жағымды, яғни ЖИ-өнертабыс ретінде адам үшін ойлап табуға және инновативті идеяларды генерациялауға қабілеті таудан асар делік. Басқа ЖИ өнертабысты дайындау үшін қажет процестер мен арнайы қондырғыларды жасап шығарады делік. Одан кейін басқа да ЖИ өнертабысты өмірге енгізуді және барлық тұрғындар деңгейінің, экономиканың тұтыну бағытын қадағалайды делік. Бұл ақпараттар әрі қарай жетілдіру үшін кері ЖИ-өнертабысына қайта барып, сонда адам үшін шеңбер сызылады да есік тастай жабылады. Бәрі тек машинаға сенім мен үміт артатын болады ма, яғни машина не айтады, сол орындалады дегендей. Ал, өнертапқыштың романтикасы қайда, Эврика қайда? Сонда біздің ұрпақтарымыз машинаға соншалықты тәуелді болып, деградация орын ала ма? Элон Маск айтқандай, адамдар бастарына электродтары бар ЖИ тақиясын кисе болды, іс оңала қояды ма?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.