Автономды көлік

Waymo — Google-ге қарасты Alphabet компаниясымен сынақтан өткізіліп келе жатқан, жүргізушісі жоқ көліктің бірі. Қазіргі уақыттың өзінде жүргізушісіз автомобиль АҚШ-тың қоғамдық жолдарында 4 миллион мильді жүріп өтті. Егер алғашқы миллион мильді өту үшін бір жарым жыл уақыт қажет болса, соңғы төртінші миллион мильді автокөлік небәрі алты айда жүріп өткен.

Waymo бір аптада қаланың жүрісі қиын көшелерімен 25000 миль жүре алады. Автокөліктің сынақ жұмыстары 2009 жылы Google-ден басталып, 2016 жылдан бастап ол Waymo атты жеке атпен дербес жүргізілуде.

Waymo қазіргі уақытта Аризонаның Фионикс штатының тұрғындарын Waymо қоғамдық сынақтарында алғашқы жолаушылар ретінде қатысуға шақырады. Қала тұрғындары жолаушылар ретінде күн сайын өздері баратын мектепке, жұмысқа жүргізушісі жоқ автокөлікпен жете алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.