ЖИ Астроном
Ғалымдар әлемде қара материяның бар екендігін және ол барлық материяның шамамен 85%-н құрайтындығын болжап отыр. Бұл қара материяның неден тұратынын ешкім білмейді және әлі күнге дейін ешкім оны қазіргі астрономиялық құралдармен таба алған жоқ. Бір-бірімен келісетін қара материяның бар екендігі туралы қортындылар көп, бірақ астрофизикалық объектілер әрекетінің жанама белгілерімен және олар жасайтын гравитациялық әсерлер негізінде жасалған.
МІТ technology review технологиялардың дамуы арқасында қазіргі кезде бет пішіні бойынша тұлғаны тану құралдарында қолданылатын нейронды желілер көмегімен қара материяны іздеуде жаңа әдістерді қолданатын ғалымдардың мүмкіндіктері кеңеюде деп хабарлайды.
Қара материяның әлі күнге табылмауына қарамастан, әртүрлі жұлдыздар мен галактикалардың қозғалысы бойынша ғалымдар оның бар екендігін болжайды және қара материя қоюланып орналасқан жерлердегі жарық сәулелерінің майысу феномені туралы тұжырымдайды.
ЕТН Zurich — швейцариялық технологиялық институтының зерттеушілері қара материя әсерімен гравитациялық линзалауды әзер ұстауға болатын белгілерін анықтау бойынша нейрондық желі тренингін жүргізді. Бұл тренинг Оңтүстік-Еуропалық Обсерваториясы берген KIDS қара материясының карталары бойынша әрі қарай машиналық талдауға арналған.
Гравитациялық линзалау – бұл, кезінде Альберт Эйнштейн өзінің салыстырмалылық теориясында болжағандай (Wikipedia), жолында жарықты бүгуге қабілетті бақылаушы мен жарықтың қашықтағы көздері арасында материяны (галактикалар сияқты) бөлу. Зерттеу нәтижелерімен толығырақ мына жерде таныссаңыздар болады: https://journals.aps.org/prd/abstract/10.1103/PhysRevD.100.063514
Міне дәл осы бағытта адамдардың артынан тыңшы болуды емес, серпіліс технологияларын қолдануды көздеу керек. Тұлғаларды беті арқылы идентификациялау бойынша ЖИ-дің жеке, теріс мақсатта қолданбайтындығына кепілдік қайда? Жақында Лондонда осындай ЖИ-ті Kings Cross cтанциясында және бірнеше жеке тұрғын үй құрылыстарында пайдалану бойынша жанжал болды. Сонымен қатар Оңтүстік Уэльс полициясы бет пішіні арқылы тану бойынша ЖИ-ді мыңдаған адамдардың рұқсатынсыз қолданды. Нәтижесінде тұрғындардың біреуі сотқа бейресми құқық бұзушылық туралы арыз берді. Өкінішке орай, тұрғын ЖИ-ге қарсы бірінші сотта ұтылып қалды және Жоғарғы Сот технологияларды қолданудың заңды екенін растады. Бұл сот ісінің мән жайын білмеймін, мүмкін ол жерде жағдайды ақтайтын әрекеттер болған шығар, енді апеляциялық соттың не айтатыны қызықтырады.