Блокчейнді ғарышқа!
Таратылған тізім Блокчейн технологиясын NASA агенттігі ғарышта орын алатын көптеген мәселелерді шешуге қолдануды мақсат қылып отыр. «Биткоин, Блокчейн және үлестірілген ғарыштық ұшуды басқару» деп аталатын NASA дайындаған презентация көптеген элементтерді басқару процесінде блокчейнді қолдануды қамтиды.
NASA түрлі спутниктік сенсорлардың өзара әрекеттесуін дамыту үшін Ethereum Blockchain ақылды келісімшарттарын пайдалануды жоспарлап отыр. Соған қарағанда, олар Жасанды Интеллект пен Блокчейннің бірлескен жұмысы аса нәтижелі және сезімтал бола алады деп сенеді. Мұндай тандемді ғарыш кеңістігінде планетааралық миссияларда, мысалы Марсқа ұшу барысында қолдану жоспарлануда, өйткені ондай жағдайларда нәтижелі байланысқа қол жеткізу өте қиын болып келеді. NASA өз жоспарларында автоматтандыру процессін жақсартуды, қоршаған ортаға сезімталдықты және планетааралық автоматты станциялардың интеллектуалды мүмкіндіктерін жетілдіруді мақсат қойған.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін тұрақты компьютерлік желі мен есептеу парадигмасының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда. Жоба екі бөліктен тұрады: қауіпсіз және орталықтандырылмаған есептеу инфрақұрылымы және виртуалды компьютерлік басқару желісі.
Блокчейнмен және жасанды интеллектімен бірге қолданылатын басқа технологиялар терең білім, үздіксіз логика, ойын теориясы және келісім-шарт теориясын қамтиды. Технологиялардың мұндай интеграциясы алғаш рет жүзеге асырылуда және NASA-ның 2069 жылға дейінгі аралықта Альфа Центавр сияқты ғарыш кеңістігін және оның шегінен тыс кеңістікті зерттеу жоспарларына байланысты, ол кейінгі бірнеше онжылдықта ғарыштық зерттеулерде компьютерлік желілердің және жеке секторда өздігінен жүретін автомобильдер мен Интернет жүйелерінің дамуында анықтаушы факторға айналуы мүмкін.
Осы уақытта күнәқар жерде … басқа адамдардың компьютерлерінде астыртын криптовалюта өндіру практикасы, Интернет арқылы ақша табудың кең таралған құралына айналып келе жатыр. Check Point киберқауіпсіздік компаниясы өзінің тұрақты Global Threat Index-інде, Coinhive және Cryptoloot хакерлерлік бағдармалары басқа құрылымдардың есептеу қуатын криптовалюта табу үшін пайдаланады деп жариялады. Олар өз кодтарын веб-сайттарға немесе компьютер бағдарламаларына енгізу арқылы компьютердің есептеу қуатын ұрлайды. Мәселенің осы уақытқа дейін кеңінен таралғаны соншалық, мұндай кодтарды кез-келген жерде, веб-сайттарда, серверлерде, компьютерлерде және тіпті ұялы телефондарда да табуға болады.
Check Point атап өткендей, мұндай жағдай әлем бойынша мекемелердің 55% -нда кездеседі, ал ұялы телефондарда мұндай кодтарды қолдану өткен жылдың қазан-қараша айларында 287% -ға дейін өсті.
Check Point өкілінің айтуынша, бұл көрініс WannaCry мен NotPetya-ға қарағанда үлкен проблемаға айналып отыр, себебі олар өткен жылы әлемдегі көптеген мекемелердің компьютерлерін жаулап алып өте үлкен пұл талап еткен болатын.
Осы айтылғандарды ескере отырып, компьютерлер мен планшеттерді, егер оларды қолданбай отырсаңыз, қосулы қалдырмаңыз, түнде Wi-Fi және ұялы телефондарды өшіріп қоюға кеңес бергім келіп отыр. Өйткені астыртын критповалюта табушы майнерлердің мүмкіндіктерінің қаншалықты дамығанын кім білсін?