Киборг-қоңыз
Сингапурдағы Наньян Технологиялық университетінің ғалымдары биология ғылымын роботехникада пайдаланып, адаммен бақыланатын киборг-қоңызды жасап шығарды. Профессор Хиротакой Сато бастаған сингапурлық ғалымдар тобы өздерінің жұмыстарын төменде былай суреттейді.
Тірі жәндікті гибридті роботтарды жасау үшін платформа ретінде пайдалана отырып, тірі жәндік-машиналарды жасауға болады. Бұндай гибрид жәндіктің күрделі экзоқаңқасын сақтауға және олардың қозғалыс бағдарын анықтап отыруға мүмкіндік бере отырып, оған зақым келмейтіндей буындарынан жұмсақ желілер жүргізіледі. Іс-әрекеттер барысында ол жоғары басқарушылық пен энергия пайдаланудың төмен шегін көрсеткен.
Жәндік машиналармен жасалған бұндай гибридті роботтар тірі платформаға орналастырылып, шағын электронды құрылғымен басқарылады. Жәндіктің өзін робот ретінде пайдалана отырып, ғалымдар робот денесін жобалау және жасап шығару деген күрделі жұмыстан босап отыр. Жәндіктің бұлшық еттері мен буындарын жұмсақ желілер, ал жүйке жүйесін басқару жүйесінің бір бөлігі ретінде қолдану жұмысты біршама жеңілдетіп отыр.
Өлшемі 2-ден 2,5см-ге дейін жететін, салмағы 0,5 грамм кішкентай қоңыз үш айға дейін қызмет ете алады. Электр құрылғылары қоңыздың арқасына орнатылады. Ол жәндіктің антенналарымен бірлесіп, жолында кездесетін кедергілерді артта қалдыратын іс-әрекеттерді жасауға шақырады. Жасанды механизм арқылы электрлі импульстар жібереді.