Криптомания 1
Криптовалюта нарығы мен олардың құрылған технологияларының алғашқы шолуын ұсынамыз.
Венесуэла президенті Николас Мадуро ұлттық телеарнада 100 миллион мөлшерінде Петро деп аталатын жаңа криптовалюта шығарылатынын жариялады. Мадуро Петроға 1 баррель мұнайдың бағасына тең бағаны беріп, оны Ayacucho кенорнының 5 миллиард баррель мұнайымен қамтамасыз етуге уәде берді. Егер бәрі жоспарланған түрде жүзеге асатын болса, онда Петроның ұсынысынан күтілетін кіріс 6 млрд. АҚШ долларына жетуі мүмкін және бұл ел экономикасы мен Мадураның астында шайқалып тұрған билікке үлкен демеу болар еді.
Сарапшылар Биткоин өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын жоғалтуы мүмкін деп болжайды. Бұған себептің бірі — Биткоин процесіне қатысушылардың екі лагерьге бөлінуі. Бір жағы Блокчейнде жазылған блоктардың санын екі есе арттырғысы келсе, ал екінші жағы технологияның іргелі дамытушыларын қамтымақшы.
Кірістірілген бағдарламалау тілі бар Ethereum тарапынан бәсекелестік, Бастапқы Жетондар Ұсынысы (Initial Coin Offering) деп аталатын криптовалюталардың жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік береді. Параллель ретінде қарастыратын болсақ, акцияларды Бастапқы Бұқаралық Ұсыныс (Initial Public Offering) кезінде сатып алу арқылы қатысушылар компаниялардың бір бөлігін иемденіп, сатып алынған акциялар көлемінде меншік иесі бола алады.
Жетондардың ұсынысы аяқталған транзакцияларды растау үшін Биткоин технологиясын қолданады, бірақ сатып алушылар қызметтердің есептеу бұлттарында сақтау көлемі түрінде иемденеді. Жасанды Интеллектінің дамуымен есептеу бұлттарында деректерді сақтаудың үлкен көлемінің болуы өте маңызды болады, сондықтан жетондар қатысушылар арасындағы сауда-саттық валютасына айналады.
Көптеген Биткоин иемденушілер криптовалютаны пайдалану арқылы сауда-саттық жүргізу олардың жеке басын құпия ұстауға мүмкіндік береді деп санағанды, бірақ жақында өткен WannaCry хакерлік шабуылдар көптеген процеске қатысушыларды полиция алдында өз тұлғаларын ашуға мәжбүр қылды. Биткоинда жазылған әрбір транзакция Блокчейнде көрініс табады, жәнеолар барлық қатысушыларға қол жетімді. Блокчейнде қалған мекен-жайлар деп аталатын нөмірлердің бірегей сериялары арқылы басқа фондтардың жылжу ақпаратарымен салыстыруға болады, әсіресе Биткоинды АҚШ долларға конвертациялау кезінде.
Өткен жұмада Visa Europe алдын-ала төленген Биткоин карталарын шығаратын WaveCrest қызметтерінен бас тартқаннан кейін, ең танымал Биткоин дебеттік карталары жұмыс істемей қалды. Биткоин карталары сатушы криптовалютаны қабылдамайтын болса да тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін, пайдаланды.
Клиенттер салған криптовалюта депозиттерін салған эмитент қарапайым валютаға конвертация жасап, Mastercard пен Visa шоттары арқылы төлген еді. Қызмет көрсетуден бас тартқаннан кейін, Bitwala, BitPay, Cryptopay және басқа көптеген ірі эмитенттер өздерінің карталарына қызмет көрсетуді тоқтатқанын және жинақталған қаражаттың қайтарылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта тек АҚШ-та шығарылған кейбір карталарға қызмет көрсетіледі және Еуропада қызметтерді қалпына келтіру үшін басқа эмитенттермен келіссөздер жүргізілуде.
Бұл уақытша қиындықтар басқа құрылымдар тарабынан Биткоинның аяқ басуына кездегі жасау әрекеттері болғанымен, қарапайым валюталарға қызмет көрсетуге қарағанда үлкен комиссиондық жинақтар алу болғанымен, криптовалюта карталары әдеттегідей мейрамханалар мен таксилерде қызмет көрсетілетін күн де алыс емес.
АҚШ-тың құнды қағаздар және қор нарығы жөніндегі комиссиясы Биткоин инвесторларына ICO сатып алғаннан кейінгі шығындарды федералды реттеушілер қалпына келтірілмейтіні туралы ескерту шығарды, өйткені ICO ұсынушы ойыншылар қолданыстағы заңға сәйкес қызмет көрсетпеген.