Техкомпаниялар тәжірибені футболдан алуда

WIRED жоғары технологиялық компаниялар футболдан пайдалы тәжірибені өздеріне алуда деп ойлайды. Нақты мысал ретінде өткен жылдағы Leicester City командасының күтпеген жерден Ағылшын Премьер Лигасының чемпионы атанып, сәттілікке жетуі келтіріледі.

Футбол мен жоғары технологиялар арасында ортақ не болуы мүмкін? Мүмкін дарын шығар, егер біреулерге дарынды футболистер керек болса, басқаларына дарынды мамандар керек. Бүгінгі күнде екі дарын да үлкен сұранысқа ие және оларды миллиондардың арасынан табу оңай емес.

Оларды біріктіретін ортақ тағы бір ерекшелік бар, ол — сыйақы көлемі. Егер Премьер Лиганың дарынды футболистері аптасына 120 -150 мың фунт жалақы тауып отырса, жасанды интеллектпен, машиналық оқытумен, цифрлық желі архитектурасын құрастырумен айналысатын көптеген дарынды программисттердің жалақысы футболистерге жетпегенімен, кейбір университеттердің көптеген түлектері кәсіби қызметінің бірінші жылында 300-ден 500 мың долларға дейін тауып отыр.

WIRED 2007 жылдан бері 120 миллион доллар табыс тапқан Google автономды транспорт жобасының директорының жалақысын мысал ретінде келтіреді. «Жастар ойындарынан дарынды ойыншыларды іздейтін футбол скауттары секілді машиналық оқыту бойынша мамандарды іздеу соңғы бірнеше жылда университеттердің зертеу лабораторияларында істеп жүрген мамандарды жайпап кетті. Uber Карнеги-Меллон автомобильді зерттеу бойынша престижді бөлімінен бірден 40 экспертті алып кетті. Өзге университеттер, соның ішінде Стэнфорд, АҚШ-тағы Вашингтон университетінде, Кембридж университеті мен UCL-де мұндай оқиғаларды бастарынан кешті». «Microsoft және Google технологиялық компаниялары Қытайдағы, Үндістандағы және Мексикадағы университеттер лабораторияларындағы мамандары өздеріне тартып, жайпап жатыр».

Скауттар дарынды футболшыларды жастар турнирлерінен іздеп тауып, өз футбол академияларына шақыруда. Сосын академияларында шыдамдылық пен табандылыққа баулып, жастарды Премьер Лигада ойыншысына сай қабілетке ие болғанша сабырмен тәрбиелейді. Сол секілді технологиялық компаниялар да дарындарды өз қатарларына тартып, өз талаптарына сәйкес деңгейге жеткенге шейін оқытып қажетті кәсіби мамандар дайындауға шешім қабылдап отыр.

Сара Коне «Andela деп аталатын бір ұйым Нигерия бойынша ең мықты деген жас математиктерді табу үшін мұқият, терең емтихандар қолдануда» деп хабарлады және «олардың сынақтан өткендері бар болғаны 0,7% -ға жетіп отыр, ол бағдарламаның Гарвардқа түсуден де қиын». Талапқа сәйкес дарындар табылғаннан кейін, Андела оларды арнайы ұстаздықпен баулап, білім берумен қамтамасыз етіп, әлемдегі алдыңғы қатарлы компанияларына жұмысқа орналастыруда.

Бүгін де үлкен креативтілік потенциалы бар жас пен батылды армандаушылардың құндылығын бағалау қиын. Өйткені олар болашақтың иелері, олардың миында әлемді төңкеріс жасап өзгертетін таңғажайып идеялар туындауы мүмкін. Бірақ біздің мектептер мен университеттерде білім беру бағдарламасы, ғылымға қызықтыру, «шебер қолдар» деп аталатын креативті үйірмелері қалай құрылған? Ешқалайда емес. Білім беру бағдарламалары өткен мың жылдықтан бізге мұра болып қалды, яғни сол баяғы ескі қалыптар, студенттердің бірінен-бірінің көшіруі, мұғалімдерге пара берулері орын тауып отыр. Нәтижесінде мүлдем дайындықтары жоқ, қазірге замандағы жқмыс орындарына жарамсыз, ештеңе жасамай жалақы алғысы келетін мамандар шығып жатыр. Біздің университеттер әлі күнге дейін Кеңес Одағының стандарттары, титулды беттері жаңадан жазылған, бойынша оқытып келеді.

Әлемде қанша жақсы үлгілер бар, арбаға бесінші дөңгелек ойлап табудың қажеті жоқ. Әлемге танымал шаңсорғыштар мен қол кептіргіштерді шығаратын Dyson Limited ағылшын компаниясы Warwick University-мен серіктестік құрып, бірінші рет Dyson Institute of Technology атты өз оқу орталығын ашты. Джеймс Дайсонның айтуы бойынша, нағыз инженерлерді дайындап шығармау экономикалық өзін-өзі өлтіру болып есептеледі. Оның университетінің студенттері оқу ақысын төлемей, керісінше жылына 16000 фунт жалақы алады. Warwick University-мен серіктестік студенттерге шынайы диплом алуға мүмкіндік береді және олардың академиялық үлгерімі Warwick University профессор-оқытушылар құрамымен бағаланады. Студенттер Dyson инженерлерімен 4 күн жұмыс жасап, 1 күнді университеттің академиялық аудиторияларында өткізеді. Осыған байланысты Dyson өдіріске жеткіліксіз және қажетті мамандарды дайындап қана қоймай, оларды компанияның саясаты мен мәдениетіне сәйкес, өндіріске беймделген келесі ұрпақ инженерлер жинап отыр.

Бұл жерде Джеймс Дайсонның Warwick University-н дамытуға қосқан 15 миллион фунт стерлинг көлеміндегі үлесін атап өткен жөн. Бұл жас мамандар жоғары технологияны меңгеріп, бизнес процестерін автоматтандыру арқылы өндірісті басқарып, жасанды интеллектің потенциалдарын меңгеретіп жаңа машина мен қондырғыларды ойлап тапқанда Джеймс салған инвестициялар бірнеше рет қайтарылмай ма?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.