Бетіңізді танимыз — кіруге рұқсат!
Қытайда жасанды интеллект арқылы беттерді тану күнделікті өмірдің көптеген жақтарын өзгерткен. Шэньчжэньдегі электронды коммерциялық алып Alibaba компаниясының қызметкерлері кеңсе ғимаратына кіру үшін өздерінің бет-бейнелерін көрсетулері керек.
Пекиннің батысындағы теміржол вокзалы жолаушылардың билеттерін оларға мемлекеттен берілген жеке куәліктермен салыстырып, адамның бетіне қарайды. Егер олардың бет пішіндері жеке куәліктеріне сәйкес келсе, система олардың билеттері жарамды деп есептейді және станцияның қақпаларын ашады. Шанхайдан оңтүстік-батысқа қарай 125 миль қашықтықта орналасқан Ханчжоу метро жүйесі күдікті қылмыскерлерді анықтау үшін адам бет-пішіндерін тани алатын бейнебақылау камераларын қолданады.
Адам беттерін тану бойынша әлемдегі ең үлкен платформада орналастырылған Face ++ қосымшаларын қазіргі уақытта 150 елдегі 300 мыңнан астам дамытушылар пайдалануда. Олар үкіметтер шығарған тұлғалардың жеке куәліктерін, жазылған тексттерді және бет-пішіндерді сәйкестендірумен айналысуда.
Танымалы Baidu және SenseTime стартап компаниясы сияқты басқа қытайлық компаниялар да бет-жүзді тану технологиясын ұсынып келеді. Бірақ Face ++ -тың танымалдылығы Пекинде орналасқан Megvii компаниясына платформаны құрғаны үшін пайда болып тұр. 2011 жылы Цинхуа университетінің үш түлегі негізін қалаған Megvii компаниясы бүгінде миллиард долларға бағаланады және 2014 жылы жұмыс жасаған 30 қызметкерден, шамамен 530 қызметкерге дейін өскен.
Megvii Интернет коммерциялық және әлеуметтік функцияларды көбірек қабылдаған сайын, сәйкестендіру құралы ретінде бет-пішінді тану интернет-инфрақұрылымның елеулі бөлігі болады деп санайды. Басқа технологиялық компаниялар да осы сценарий бойынша бет-пішінді танудың үлкен болашағына сенеді. Мысалы, Samsung Galaxy S8, S8 + және iPhoneX телефондары құрылғылардың құлпын ашу үшін бет-пішінді тану функциясымен жабдықталған.
Xiaohua басқаратын Xiaohua Qianbao («Кішкентай гүлді шилан») мобильді қосымшасы арқылы несие беретін және бөліп төлеуді ұсынатын виртуалды банкі де бет-пішін арқылы клиенттерін таниды. Пайдаланушылар несие алуға мақұлдау алу үшін және телефон жоғалған немесе ұрланған жағдайда ешкім пайдаланып кетпеуі үшін атаулы қосымшаны үнемі қарап отырады.