Блокчейннің бірінші семинарынан репортаж

Жақын арада Лондонда бірінші халықаралық Блокчейн семинары, белгілі ойын-сауық орталығы «O2» аренасында өтті. Семинар күткен уақыттан жарты сағатқа кеш басталғанымен, жақсы жаңалық күткен қатысушылар мен ұйымдастырушылардың көңілдері күпті болды. Біздің үміттеріміз алданбады, семинарды алғы сөзімен ашқан семинар төрағасы Боб МакДовалд, оны көңілді әзілмен жүргізіп, күн тәртібін және баяндамашылар тізімімен таныстырды. Төраға өз сөзін криптовалютаның блокчейнмен қоян-қолтық араласуы туралы бастап, содан кейін ол блокчейннің пайда болуынан туындаған бүгінгі күннің қиындықтарына тоқталды.

Бірінші болып сөз бастаған Ocean Protocol компаниясының өкілі, олардың негізгі мақсаты жасанды интеллектің жұмысына қажетті мәліметтердің барлық қызығушылық танытқандарға қол жетімді болатын жетон экономикасын құру болып табылатынын жеткізді. Жасанды Интеллектінің жұмысы туралы деректер неғұрлым көп болса, жинақты болжамдар мен есептеулердің дәлірек болатыны белгілі. Өкінішке орай, сізде Жасанды Интеллект негізіндегі қосымшаны құруға қабілетті команда бола тұра, сізде үлкен деректер базасы болмаса, сіз өз бағдарламаңызды сәтті тексере алмайсыз.

Мұндай кезеңде сізді қызметтік парызы ретінде өз клиенттері мен келушілері туралы деректерді жинақы ұстайтын түрлі ұйымдар құтқара алады. Олар жеке тұлғалар, медициналық мекемелер, коммуналдық қызметтер, көлік компаниялары, сауда және ойын-сауық орталықтары болуы мүмкін. Өйткені, мұндай мекемелердің барлығыда қоғамға пайдалану үшін деректер беру арқылы жетонды табыс табуға жұмыстанады деп болжамдайды. Осы деректерді пайдаланатын компаниялар сатып алу кезінде бір-бірімен бәсекеге түсіп, сол деректерді басқа түрлі деректер алу үшін айырбастайды.

Әрине, бұл мәліметтердің бәрі атаусыз болып, оларды кеңінен тарату осы деректерді ұсынатын адамдар мен мекемелерге ешқандай қауіп төндірмейді. Шын мәнінде, науқастардың медициналық тарихындағы деректер мен қолданылған емдеудің әдістері туралы ақпараттар сұраныс таба алмай отыр. Өз кезегінде ғалымдар емдеудің жаңа әдістері мен дәрі-дәрмектердің жаңа түрлерін шығару үшін бұл деректерге өте мұқтаж. Паркинсон ауруын емдеудің жаңа әдістерін, гендік терапия саласындағы зерттеулерді және медицинаның басқа салаларын талдайтын Жасанды Интеллект бүгінгі күнде бар. Бұл саладағы  жетістіктер талданатын мәліметтердің көлеміне байланысты. Әлемдік деректер базасының желісін құру арқылы мүдделі тұлғалар тапқан жетондарын басқа қызмет түрлеріне немесе тұрақты валюталарға айырбастауға мүмкіндік алады және ол Жасанды Интеллектің дамуына үлкен серпін береді.

Жетон экономикасын құру өте өршіл жоба және Ocean Protocol-дың мақсаттары ауқымды, олар толық желілік қауіпсіздікті құру, энергия тұтынуды оңтайландыру, желіні басқаруды жақсарту, қызметтерді көпшілікке қол жетімді ету және блокчейн өндірісін жеңілдетуді көздеген.

Пайда болған сұрақтарыңызды мында жіберсеңіз болады:  john@oceanprotocol.com

Бұдан әрі Quant компаниясының өкілі сөз кезегін жалғастырды. Ол адамдарға, машиналарға және деректер қорларына арналған Cенімді Интернет желісі ретінде Overledger құрудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Онда желіге барлық қатысушылардың тексеруден өткені мен толық заңдылығы туралы ескертіліп, қолданушылар протоколға түгел сенім білдіре отыра, 3-ші тараптағы банктер мен мемлекеттік органдардың делдалдық қызметерінен бас тартуға болады.

Мұндай Сенімділік Интернетін іске қосу үшін Overledger барлық қосымшалар, қай платформаларға және қай бағдарламалау тілдерінде жасалғанына қарамастан, бір-бірімен байланыса алатындай етіп, барлық қолданыстағы блокчейн платформаларын, Ethereum, Hyperledger, Ripple және басқа блокчейн платформаларын біріктіруге немесе ортақ мәнге келтіруге тырысады, бірін бірі танып, барлық операцияларды қабылдайтын болады. Қазіргі уақытта бұл платформалар автономды түрінде жұмыс істейді.

Егер сіз қосымшаны Ethereum платформасында жасасаңыз, онда ол сізге Hyperledger платформасында жұмыс жасайтын компаниялармен өзара транзакция жасауға мүмкіндік бермейді, дегенмен бұл компаниялар бір-бірімен өзара әрекеттесуді орнатуға қадам жасауда.

Қазіргі уақытта бір Блокчейн платформасы басқа платформаның тілін түсінбейді, қолданушылар өздерінің желілері мен технологияларында шектеулі, ең жақсы қосымшаларды таңдауға мүмкіндіктері жоқ. Өкінішке орай, олардың арасындағы транзакциялардың дұрыстығын анықтау үшін барлық қатысушылар бірдей консенсус протоколымен қамтылуы керек.

Баяндамашы, кейбір Интернет желілері арасындағы 90-жылдарда орын алған төмендегідей мысалды келтірді. Ол кезде AOL, Compuserve, Prodigy қолданушылары осы желілердің мүмкіндіктерімен, сонымен қатар өз дамуының сол кезеңінде пайдаланылған  блокчейн платформаларымен шектелді. Қазіргі кездегі интернеттің шексіз мүмкіндіктері Quant атты ауқымды Интернетті құруда осындай күрделі және өршіл қадамдар жасауға итермелегендей. Бұл жақсы ойластырылған қадамның нәтижесін уақыт көрсетеді. Бүгінгі кунде Quant Windows-95 сияқты әсер етуді  және Блокчейндер Интернеті  саласында бірдей революциялық өзгерістер жасауды көздеп отырғандарын жариялады.

Overledger — бұл әртүрлі блокчейндерде жалпы қосымшалардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін үлестірілген тізілімдер арасында байланыс дағдыларын арттыру арқылы бір тізілімге тәуелділік мәселесін шешуге арналған жаңа жүйе. Ол, мекен-жайға, регистрлер мен консенсус механизмдеріне қатысуына қарамастан, әртүрлі архитектуралардың өзара байланысты болуын іске асырады.

Overledger — үйлесімді үлестірілген тізілімдерді қосуға арналған көп коннекторлық платформа емес. Ол операциялық жүйе мен қосымшалар арасындағы иерархияның ортасында орналасқан, көптеген деректерден жасақталған әртүрлі бағдарламалардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кросс-платформалық бағдарламаларға бағытталған еркін протоколды шешім ұсынады. Баяндама туралы толық ақпаратты мына жерден алуға болады: https://objects-us-west-1.dream.io/files.quant.network/Quant_Overledger_Whitepaper_v0.1.pdf

Содан кейін блокчейндегі орталықтандырылмаған сәйкестендіру жүйесіне мамандандырылған IAME компаниясының өкілі сөзге шықты. Олардың жеке куәліктерін көптеген ұсақ фрагменттерге бөлетін және желіде танылмайтын мыңдаған бөліктерге тарататын алгоритмі бар. Ол пайдаланушының жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейді. Тек арнайы алгоритм көмегімен бұл бөліктерді біртұтас етіп жинауға болады. Қызығушылық танытқандар мына жерден оқи алады:  https://iame.io/whitepaper

Әрі қарай, 2CC криптовалюта сауда компанияларының өкілдері сөз сөйледі. Олар өздерінің криптовалюта цифралық сауда қосымшасын ұсынды.

Соңғы баяндамашы DasCoin басшысы болды. Ол келе жатқан ICO туралы хабарлады және DasCoin-ның басқа криптовалюталарға қарағанда артықшылықтарын сипаттады.

Бірінші халықаралық Блокчейн семинарын Blockchain24-7.com компаниясы ұйымдастырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.