Жоғары жиілікті биржалық операциялар

Қазіргі заманауи әлемдік биржалық сауданың феноменінің бірі жоғары жиілікті (высоко-частотный) сауда платформалары арқылы жұмыс істейтін трейдерлердің араласуы болып табылады.

Олар үлкен көлемде мәмілелер жасау үшін қуатты компьютерлерді қолданады. Бұл салада жылдамдық маңызды болып табылады және трейдерлерге көбірек пайда әкеледі, өйткені олар басқа трейдерлердің назарын аударып, екінші тараптың ұсыныстарына кедергі жасай алады. Сөйте тұрып, олардың техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, сатып алушыға келесі ұсыныспен мәмілені қайта сатып ала алады. Аиаулы операциялардың ерекшелігі — олар сатып алушының бағасын сатушыға жеткен кезде біледі, сатушыдан аз айырмашылықпен сатып алады және сатып алушының бағасын біліп, оларды маржамен қайта сатады.

Жоғары жиіліктегі операциялардың жылдамдығы соншалықты тез, кейбір жағдайларда  сатып алушы оның бағасына тосқауыл қойып, оны делдалдан сатып алады деп күдіктенбейді. Секундына жасалатын мыңдаған транзакция кезінде жоғары жиіліктегі транзакциялардағы шамалы маржа да айтарлықтай пайда әкеледі.

Платформалардағы алгоритмдер бір уақытта бірнеше нарықты талдауға және нарықтардың жағдайына байланысты транзакциялар жасауға бейімделген.

Investopedia Нью-Йорк қор биржасында бәсекелестік пен өтімділікті арттыру үшін осымша өтімділікті ұсынатын компанияларға комиссия төлеуге уәде еткен мысалды келтіріп, оларды жасанды түрде тартымды ету әдісін атайды.

Бұл тұстағы негізгі пайда — нарықтық өтімділікті жақсарту және сұраныс-талаптың кеңеюі.

Біз бұрыннан білетін брокерлер, енді биржада жоқ, өйткені  олардың орнын математикалық модельдер мен шешім қабылдау алгоритмдері басты. Бірнеше секундта қабылданған шешімдердің салдарынан нарықта үлкен қозғалыстар пайда болады екен.

Соның салдарынан атаулы компаниялар ұсынған «өтімділік» бір сәтте жоғалады да, ал  оларды пайдалануға ешкімнің де уақыты болмайды екен. Бұл тәжірибе нәтижесінде Америка Құрама Штаттарында көптеген инвесторлардың қаржылық уқаттылығы зардап шеккен болатын.

Еуропалық инвесторларды да осындай сырттан болатын салдардан қорғау және қаржы құралдарына арналған еуропалық айырбастау пункттері арасындағы бәсекелестікті ынталандыру мақсатында 2007 жылдың қараша айында Ұлыбританияда MiFID (Қаржы құралдарының нарықтары бойынша директива) атты жаңа талаптар қабылданды.

Талаптарға клиенттердің қаржы институттарынан алатын кеңестерінің орындылығы сияқты ережелер кірді, олар клиенттің білімі мен тәжірибесіне, қаржылық мүмкіндіктеріне және инвестициялық мақсаттарға сәйкес болуына қарайды. Сонымен қатар, қаржы институттары қор биржаларындағы мәмілерге дейін және одан кейін ашықтықты, сондай-ақ мәмілелер мен реттелетін тауарлық туынды құралдар туралы есеп беруге қойылатын талаптардың жиынтығын қамтамасыз етуі керек. Нәтижесінде қаржы институттары мұндай қатаң сақтық шаралары транзакциялар мен нарықтық тиімділікті бәсеңдететінін және нарықтық өтімділікке теріс әсер ететінін мәлімдеді.

Реттеушілер мен қаржы институттары арасындағы үш жылдық келіссөздерден кейін олар талаптарды жаңарту туралы шешім қабылдады. Соған сәйкес, 2008 жылғы қаржы дағдарысы және жоғары жиілікті биржалық операциялардың өсуіне қатысты кейбір сұрақтар қаралды.

Еуропалық Комиссия MiFID II жаңартылған талаптарының негізін құрайтын төрт негізгі міндетті шешу туралы талап қойды:

инвесторларды қорғауды күшейту

бейберекет нарықтағы қауіпті азайту

жүйелік қауіпті азайтуқаржы нарықтарының тиімділігін арттыру және қатысушылардың орынсыз шығындарын азайту.

2012 жылы консультациялық құжаттар шығарылып, 2017 жылдың 13 қазанына дейін жалғасты. Қазіргі уақытта консультациялар мерзімі аяқталып, 2018 жылдың бірінші және екінші тоқсанында MiFID II-дің соңғы нұсқасы жарияланады деп күтілуде.

Жаңа талаптар инвесторларды болашақ күйзелістерден қорғалуын қаншалықты қамтамасыз ете алатындығы белгісіз, бірақ соңғы өзгерістері арқылы нарықтағы құбылмалылық күрт өсті деп еркін айтуға болады. Әйтсе де кейбір сарапшылардың пікірінше, нарықтағы салық ставкаларын төмендетуге байланысты тек саяси компоненттер бойынша өскен нарыққа түзету енгізілген.  Брекзит бойынша келіссөздердің немен аяқталып,  қаржы институттарының үміттері қалай орындалатыны әлі белгісіз. Әзірге тек уәделер беріліп, саясат нарыққа өз ережесін жүргізіп келеді. Бұдан Брекзиттер пайда көріп,  АҚШ экономикасын түзету әрекеттері еуропалық нарықта оң көрініс табуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.