Қытайдың бірінші микрочипы
MIT Technology review Пекиндегі Цинхуа университетімен жасалған, түрлер мен дауыстарды тани алатын, қытайлық жаңа Thinker микрочипі туралы хабарлайды. Thinker жыл бойы сегіз АА батареясымен жұмыс жасайды және қозғалыстарды басқару мен роботқа жергілікті мекенде бағыт беру бойынша нейро желілер жұмысын қолдауға бағытталған.
Thinker-ді сағат, смартфон, үй роботтары, тіпті бөлек құрылғылар секілді көптеген құрылғыларға орнатуға болады. Дәл осындай әрекеттер Қытай Ғылым Академиясына қарасты Есептеу Технологиялары Институтында да жасалуда. Мұндағы жаңа микрочип роботтарда қолдануға арналған 2 ядролы Dadu деп аталатын болады. Қуанышқа орай Қытайда роботтар қызметін қолданғысы келетіндер көп және енгізу ақпараттарының үлкен базасының қол жетімділігі кейін кофе әкелетін роботтарды, қол қозғалысымен басқарылатын дрондарды шығаруға мүмкіндік береді.
Қытай басшылығының ЖИ-ті дамытуға бөлген үлкен инвестициялары алғашқы жемістерін бере бастады, яғни адам түрін тану бойынша ЖИ қытайлықтардың күнделікті өміріне енді. Супермаркеттен шығарда басыңызды көтерсеңіз жеткілікті, алдыңызда есік өздігінен ашылады. Сонымен қатар үйге кіру үшін кілтті өзіңмен тасып жүрудің қажеті жоқ, бала камераға қараса жеткілікті, есік ашылады. Ата-аналар балалары кілтті жоғалтып алып, жарты күнді ата-анасының жұмыстан келуін күтіп, көшеде өткізеді деп уайымдамаса болады.
Бұл технологияның жақсы жағы болуы мүмкін, бірақ онымен бірге ел азаматтарын толықтай бақылау да келеді. Әсіресе, Цынцянь — Ұйғыр автономиялық облысында билікке көңілі толмайтын ұлт топтары бар жерде полиция Face++ компаниясымен жасалған ЖИ бойынша бақылау жүргізеді. Банктер, әуежайлар, қонақ үйлер, тіпті қоғамдық дәретханалар өз келушілерін бет әлпеті бойынша анықтауға кірісті.
Әрі қарай, «Қырағы көздер» деп аталатын сынамалы жобасы жолдарды, сауда орталықтарын, мекемелер мен тұрғын үй массивтерінде орнатылған жеке камералары бар транспорттық хабтарды сканерлейтін барлық бақылау камераларын бірегей жалпы бір бақылау жүйесіне біріктіруге тырысуда. Бұл жағдайда ол 1,4 миллиард адамды бақылайтын болады. Яғни ЖИ массивті видеолар материалдар ішінен жасалған заң бұзушылықтарды дәлелдейтін ақпараттарды таба және талдай алады. Сонымен қатар күдіктілерді бақылап, тіпті қылмыстарды болжай алады. Қытай билігінің басты мақсаты ел тұрғындары туралы, олардың аурулар тарихын, броньдалған жол жүрулерін, онлайн саудаларын, әлеуметтік желілердегі олардың түр келбет фотолары мен қалдырылған пікірлерін, әр тұрғынның жеке куәлігін ЖИ-те шығаратын үлкен ақпарат базасын біріктіру.
Біздің еліміздің технологиялар бойынша барлық елден артта қалғаны жақсы болды, өйткені жаппай бақылау жоқ, еркіндіктің ауасын жұтуымызға болады. Бірақ қашанға дейін? Өйткені технологиялардың алдына кедергілер қоя алмайсың.