Фотон-электрон гибриді

WIRED-тың хабарлауынша Imperial College London физика ғалымдары электронның «арқасындағы» фотонның бағытын өзгертуге мүмкіндік беретін фотон мен электронның байланысқан теориялық моделін жасап шығарды. Ғалымдардың пікірінше, мұндай байланыс моделі кванттық механиканы және кванттық компьютерлерді жаңа әдістерде қолданып көру мүмкіндігін бермек.

Физиктер фотон мен электронның қасиеттерін байланыстыра отырып, жарықтың жаңа формасын жасауға болатындығын айтады.

WIRED Imperial College London өкілінің сөзіне сілтеме жасап, «кәдімгі материалдарда жарық олардың бетінде не ішінде орналасып, көптеген электрондармен әрекеттеседі. Алайда, жарықтың күйін теориялық физиканың көмегімен модельдей отырып, топологиялық изоляторлар деп аталатын материалдардың бір электронмен ғана әрекеттесе алатындығын анықтадық» дейді. «Әдетте, жарық түзу сызықпен жүреді, бірақ электронмен байланысқаннан кейін ол материалдың бетін бақылай отырып, өз жолымен жүреді».

Әрі қарай, WIRED-тің жетекші зерттеушісі доктор Винченцо Джаннини, нанобөлшектің айналасындағы әрекеттесуді — диаметрі 0,00000001 метрден кіші сферадан топологиялық изоляторды модельдегенін хабарлайды. Модельдер жарық тәрізді, электрон жарықтың электрон мен сіңіргіш қасиеті бар бөлшекке айналатын кейбір қасиеттерін алатындығын көрсетті.

Джаннини «Зерттеудің нәтижелері біздің жарықты қалай сезінетінімізге үлкен әсер етеді» деді. Сонымен қатар, Джаннини зерттеушілерге атомдардан кіші бөлшектерді басқаратын кванттық физикалық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік беретіндігін айтты.

«Топологиялық изоляторлар соңғы онжылдықта ғана ашылды, бірақ олар бізге жаңа құбылыстарды және физика саласындағы маңызды ұғымдарды зерттеудің жаңа тәсілдерін ұсынады».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.