Автоматизацияның қысымы
McKinsey Global институты технология мен автоматиканың дамуына байланысты 375 миллион адам жұмысынан айрылады деп болжам жасап отыр. Бұл өзгеріс жынысына және этникалық белгілеріне байланысты адамдарға әр түрлі әсер ететіні анық. Әйелдер жұмыс істейтін ер адамдарға қарағанда көбірек зардап шегуі мүмкін. Себебі, әйелдер мен этникалық азшылық өкілдері аз жалақы төленетін және біліктілігі төмен жұмысқа тартылмақ.
Сонымен қатар PricewaterhouseCoopers (PwC) үш бөлек автоматика толқыны туралы хабарлайды:
1. қарапайым есептеу тапсырмаларын автоматтандырудан және енгізілген деректерді талдаудан тұратын алгоритмдердің толқыны;
2. монотонды жұмысты автоматтандырудан, динамикалық технологиялық қолдау арқылы ақпарат алмасудан, еркін енгізілген деректерді статистикалық талдаудан тұратын кеңейту толқыны (аугментация);
3. өмірлік мәселелерді шешу үшін өздігінен жүретін көлік құралдарын жасап шығарудың автономиялық толқыны (өзін-өзі басқару) ;
Бірінші толқын қазірдің өзінде дайын. Соған сәйкес, екінші толқын енді серпін ала бастайды және ол 2020 жылға қарай әрекет етуі мүмкін болса, үшінші толқынның әсері 2030 жылдары сезіледі.
Алгоритмдер (%) | Толықтыру (%) | Автономия (%) | |
Көлік және сақтау | 2 | 22 | 28 |
Өндіріс | 2 | 23 | 20 |
Құрылыс | 2 | 15 | 23 |
Әкімшілік | 3 | 16 | 17 |
Бөлшек және көтерме сауда | 3 | 19 | 12 |
Қорғаныс | 4 | 2 | 28 |
Қаржы және сақтандыру | 8 | 22 | 1 |
Телекоммуникация | 6 | 17 | 4 |
Ғылыми-техникалық | 7 | 16 | 2 |
Тұрғын үй-коммуналдық және тамақтану | 1 | 12 | 11 |
Денсаулық және әлеуметтік сала | 2 | 14 | 6 |
Білім | 1 | 6 | 1 |
PwC болжамдары бойынша алғашқы екі толқын әйелдер жұмысына 23% әсер етуі мүмкін. Ал автономияның үшінші толқыны ерлердің жұмыс орындарына 34%-ға, ал әйелдердің жұмыс орнына қарағанда 26% әсер етуі мүмкін.
25 жасқа дейінгі ер азаматтар үшін автономияның әсері 46%, ал қыздар үшін 26% болмақ. Мұның бәрі ерлер немесе әйелдер көп жұмыс істейтін кәсіптерге байланысты.
PwC есептеулеріне қарамастан, жұмыс станцияларын автоматтандырудың техникалық мүмкіндіктері мен өміршеңдігін ескеру қажет. Алайда, экономикалық, заңды, нормативтік немесе ұйымдастырушылық шығындар автоматтандырудың әсерін шектеуі мүмкін. Егерде автоматизация әлеуметтік теңсіздікті өзгерте алатын болса, халықтың аз білімді бөлігі көп зардап шегуі мүмкін. Әйтсе де, тұжырымда «автоматтандырудың теориялық мүмкіндігі оның іс жүзінде экономикалық немесе саяси тұрғыдан өміршең болатынын білдірмейді» деген жолдар бар.
Барлық статистика мен жағымсыз болжамдардың арасында автоматтандыруға қатысты оптимистік тұжырымдар да жоқ емес. Онда олар өз бетімен жұмыс орындарын құруы мүмкін, бірақ автоматизацияға ендіру оңай шаруа болмауы мүмкін дейді.
Сонымен қатар, тұжырым 2030 жылға қарай барлық ғаламдық адам-сағаттың 30% -дан астамы автоматтандырылған болуы мүмкін және McKinsey Global институтының мәліметтері бойынша, автоматтандыру деңгейінің жоғарылауына байланысты жұмысшыларға сұраныс артуы мүмкін.
Табыс пен тұтыну, өнімділіктің өсуі, әсіресе дамушы елдерде денсаулық сақтау, инфраструктура және энергетика саласында көбірек жұмыс орындары пайда болуына әкелмек. Алайда, осы жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін әркім жаңа дағдыларды игеруі керек.
Роботтардың көбеюі адамдардың жұмыс жасайтын уақытын қысқартады деген сөз емес. Германияның еңбек нарығын зерттеу көрсеткендей, өндірістік роботтардың соңғы 20 жылда 4 есе өсуіне қарамастан, өндірістік құрылымдар мен демографиялық жағдайларды ескере отырып, олардың жұмыс орындарына әсері нөл болып отыр.
Технологиялық қарқынның артуына қарамастан, көптеген жұмыс орындары жоғалмақ. Көптеген кәсіптер үлкен өзгерістерге ұшырайды және бұрын-соңды бізге белгісіз қосымша көптеген жұмыс орындары ашылады. Бірнеше жүз миллион адам жұмыстарынан айрылады дегеніміз, олар мүлде жұмыссыз қалады деген сөз емес. Ол автоматизация заманында жұмыстан айрылмаудың әдісі, қосымша дағдылар мен жаңа технологияларды үйренуден бас тартпау керек деген сөз.