Квантернет?
Wired-тің хабарлауынша, қытайлық ғалымдар әлемдегі алғашқы кванттық спутникті ұшырған. Жер әдеттегідей ғарыштан ақпаратты радиотолқындар арқылы алатын болса, ал кванттық спутник инфрақызыл сәулелердің фотондарына кодталған ақпаратты жібереді. Ғалымдар кванттық байланыс технологиясы деп аталатын өзара шатастырылған кванттық фотондарды кванттық спутниктен Жердегі станцияларға жіберді.
Қытайлық ғылым және технология университетінің Хуан Вуйи Пан есімді қызметкері, егер кванттық байланыс пошта байланысы ретінде қарастырылатын болса, онда жалғанған кванттық фотондарды конверт ретінде қарастыруға болады, деп түсіндіреді.
Алдағы бес жылда бірнеше елдерді қосу үшін тағы бірнеше кванттық спутниктерді ұшыру жоспарлануда, ол өз кезегінде әлем елдеріне кванттық интернетті пайдалану мүмкіндігін сыйлайды.
Ғалымдар кванттық Интернет кәдімгі Интернеттің мамандандырылған тармағы бола алады деп санайды және алдағы уақытта қолдану кезінде ыңғайлы болу үшін олар кәдімгі компьютерлерді кванттық желіге қосатын арнайы микрочиптерді әзірлеуде. Мысалы, сіз өзіңіздің компьютеріңізді кванттық желіге қосып, кванттық шифрлаумен хабарлама жібере аласыз, — дейді ЕНТ Цюрихтің физигі Ренато Реннер. Кванттық шифрланған хабарламалар арнайы кванттық сигналда кодталған кванттық кілт арқылы жіберілуі мүмкін. Егер біреу кванттық кілтті ұстап алғысы келсе, онда кванттық механика заңына сәйкес ол өздігімен жойылады. Сондықтан бұл байланыс әдісі ең қауіпсіз болып саналады.
Кванттық сигналдар ең көп дегенде 300-350 км жіберіледі. Ал, сигнал одан алыс қашықтықтарға өту үшін күшейтілуі керек. Әйтсе де, кванттық сигналдың алыс қашықтықтарға берілуі бұрын проблема болып келсе, енді кванттық спутниктің көмегімен кванттық сигналды 500 км биіктіктен Жерде орналасқан станцияларға және олардың арасындағы 1200 км қашықтыққа дейін жеткізуге мүмкіндік туды. Бұл кванттық сигналды беру процесінде үлкен серпіліс болды.
Duke Kunshan университетінің деканы Денис Саймонның айтуынша, қытайлық ғалымдар қаржы бөлгізу үшін түрлі бюрократиялық кедергілерден өтпей-ақ, Қытай үкіметінің қолдауының арқасында осындай нәтижеге тез қол жеткізді. Қытай үкіметі аралдардағы әскери-теңіз күштерін көбейтіп жатқанын көпшілік біледі. Сондықтан үкімет Оңтүстік Қытай теңізіндегі кемелерімен қауіпсіз байланыс арнасын орнату үшін атаулы байланысты барынша дамытуда.
Қытай үкіметі Жерді кванттық байланыс каналымен қамтамасыз ету үшін көптеген спутниктерді жоғары орбитаға шығаруы мүмкін деп айтуға толық негіз бар. Ғалымдар саяси және ғылыми мүдделердің бір-бірімен тиімді байланыстырып, туындаған мәселелерді тез шешуде және осы саладағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін барынша тиімді пайдалануда.