Блокчейн тарихы

Дубай Блокчейн стратегиясының авторы Веней Гупта Harvard Business Review сайтында блокчейннің болашағы туралы ойларымен бөлісті. Ол таратылған тізілім үшін революциялық жаңалық болған Блокчейннің соңғы 10 жылдағы қысқаша тарихын баяндайды.

Биткоин криптовалютасының тәжірибесі инновацияның бастауы болды. Биткоинді қазір миллиондаған адамдар түрлі тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге  қолданады.

Биткоиннің сенсациясы биткоинмен операцияларға негізделген технология болып табылатын блокчейнге көпшіліктің назарын аударды. Блокчейн технологиясының криптовалютадан бөлінгені әртүрлі ынтымақтастықтың түрлерін тудырды. Қазіргі уақытта әлемдегі түгелге жуық қаржы институттары блокчейн тәжірибесімен айналысады және барлық банктердің 17%-ы блокчейн технологиясын қолданады.

Үшінші инновация «ақылды келісімшарттар» , олар  блокчейнінің екінші ұрпағы Ethereum деп аталатын   блокчейнге тікелей салынған шағын компьютерлік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады, облигациялар мен несиелер сияқты қаржылық құралдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Төртінші инновация «бөліктің дәлелі» болып саналады, бұл блоктарды қалыптастыру кезінде транзакцияны тексеру үшін қолданылатын Консенсус алгоритмі және транзакцияларды растау туралы шешім қабылдау  өте ірі деректерді енгізу орталықтарының  привилегиясы болып табылады. Бұл ірі деректер енгізу орталықтары барлық транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және өз жұмыстары үшін сыйақы ретінде криптовалютаға ие болады.

Бесінші инновация бұл блокчейнді масштабтау. Блокчейнді масштабтау кез-келген транзакцияны желідегі барлық компьютерлерде өңдеу қажеттілігін жояды, осылайша қауіпсіздікті бұзбай транзакцияларды өңдеу және блоктар құру жылдамдығын арттыруға болады.

Бұл инновациялар — компьютерлік данышпандардың, криптографтардың және математиктердің таңдаулы тобының 10 жыл бойы жасаған жұмысы, және оның толық потенциалдарын біз бизнес жазықтығында пайда болған кезінде  көре аламыз. Өздігінен жүретін көліктерге, әуе таксилеріне, дрондармен тасымалдауға және станцияларда электр машиналарын зарядтауға ақы төлейтінімізге куә бола аламыз. Халықаралық ақша аударымдары бірнеше күннің орнына бірнеше минут алатын болады, және олар қазіргі жүйелерге қарағанда  қауіпсіздігі күшейтілген жүйелермен қамтамасыз етіледі. Мысалы ретінде, халықаралық қаржы аударымдардың бағасы төмендейтіні соншалық, олар аукцион арқылы өткендей халықаралық почтамен сауда операцияларын шұғыл өсіреді.

Болжау — игіліксіз  жұмыс, бірақ көптеген адамдар ұзақ мерзім келешектегі өзгерістерді елемей, айналамыздағы заттардың тез өзгеретінін болжауға тырысады. Егер біз блокчейн технологиясының пайда болуымен келіп жатқан өзгерістердің шамасын, Интернеттің пайда болып біздің өмірімізге кірген өзгерістермен салыстыратын болсақ, бұл жағдайды асыра бағалаудың қажеті көрінбейді.

Блокчейн технологиясының дамуымен көптеген адамдар мен компаниялар бір-бірімен ынтымақтасады, әлем жақындасады және осы технологияны қолдану логистика мен жабдықтау секторынан  бастап ғарыштағы операцияларды автоматтандыруға дейін барады.

90-шы жылдардың соңында Интернеттен бірдеңе сатып алу мүмкіндігі қауіпсіз болмады, сондықтан Интернет-коммерциясы атауымен жоқ еді. Блокчейннің пайда болуымен бәрі тез өзгереді деп кім оны нақты айта алады? Егер біз Дубай Блокчейн стратегиясы бойынша 2020 жылға дейін барлық мемлекеттік құжаттардың блокчейнде  шығарылатындығын қарастыратын болсақ, біздің өміріміз бен бизнесіміздің көптеген салаларында жақындап келе жатқан үлкен өзгерісті сезіне аламыз.

Басқа бір концепт, Үкіметтердің Дүниежүзілік Саммитінде ұсынылған Келісімдер Интернеті  тағы бір тұжырымдамасы Брекзит пен АҚШ-тың Транс-Тынық мұхиты серіктестігінен шығуының ықтимал әсерін азайту мақсатында блокчейн арқылы ғаламдық сауданың трансформациясын болжайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.