Силикон аймағының шайтаны
www.buzzfeed.com сайтындағы Ted Chiang-ның қызықты мақаласынан айналып өтіп кете алмадым. Бұл мақалада ол Силикон аймағы санасыз түрде қылықтары дәл өзінікі болып табылатын, өз образы бойынша өзіне ұқсас шайтанды жасап шығарды деп есептейді.
Ол Элон Масктің ЖИ туралы мысалын келтіреді. Мұнда құлпынай өнімін жинау тапсырмасын алған ЖИ кенеттен өздігінен жетілуге ұшырап, құлпынай өнімін жинауды өте тиімді қылды. Содан құлпынай өндірісі көлемін көбейту жолында ЖИ кенеттен Жердің барлық бетін құлпынай аумағына айналдыру үшін адамзатты жоюға шешім қабылдапты.
Ол кім екен теріс нәтиженің болу мүмкіндігіне мән бермей, өз мақсатына жетуге ұмтылатын деп сұрақ қояды. Күннің астында күйдірілген жерден нарық үлесін үлкейту тәсілін кім іздейді?
Өздерінің төңкерістік өнертабыстарымен нарыққа жұлқынып ұмтылатын сәтті стартаптардың феномені құлпынай жинаушы ЖИ сияқты экспоненциалды өсе алады, яғни абсолютті монополияға жетпейінше өз бәсекелестерін жойып отырады. Силикон аймағында барлық өнертабыстар капитализмді шектеусіз күшейтуде. Тіпті, ЖИ-гі өзін-өзі танудың болуымен қатар, өз әрекеттеріндегі «көрегендіктің» жоқтығы, және ЖИ-те өзін-өзі сынайтын қасиеттің мүлде жоқтығы өз әрекеттерінде рационалдылықтың болмауы туралы ойлануға мүмкіндік бермейді. Мұндай түсініктің болмауы корпорациялардың әрекеттерін еске салады.
Алайда, корпорациялар көрегенділікке ие адамдармен басқарылады емес пе, бірақ капитализм оларды «жақсы» деген түсінік үшін марапаттамайды, оны «нарық не талап етсе» деген түсінікпен алмастыртып. Силикон аймағының толық тәуелсіз технологиялық компаниялары мен сыртқы бақылауы, дамуы жоқ ЖИ арасында параллель пайда болып тұр. Өйткені ол жерде «өшіру» кнопкасы қарастырылмаған.
Ted Chiang стартаптар-мәдениеттің моральді келбеті өркениетті жойып жатқан ЖИ үшін негіз болар еді деп санайды. «Технологиялық гиганттардың әрекеттері өз даму кезеңінің басында моральдан тыс болып саналмайды. Мұндағы төңкеріс идеясы бұрыс емес, дұрыс болып табылады — бұл техникалық кәсіпкерлердің мансапқорлығы. Егер суперзиялы ЖИ періште-инвесторға сенім артса, Жер бетін құлпынай алқабына өзгертуі жерді пайдаланудың жаһандық ережелерін бұзудан артық болмас еді».
«Бізге машиналардың оянғаны керек, менменсінуі емес, яғни олардың әрекетітерінің салдарын мойындайтын корпорациялар керек. Суперзиялы ЖИ планетаны құлпынай алқабына айналдыру деген фантазия шындығында оның да өзгенің де талабына сай келмейтінін түсінуі керек. Силикон аймағындағы компаниялардың нарық үлесін өсіру әрекеттері барлық басқа түсініктерді елемеуге тұратындай жақсы себеп емес екенін түсінулері керек.
Әр адам иллюзиясынан оянғаннан кейін жеке бас пайдаларын қайтадан ойластырады. Бізге компаниялардың дәл осылай жасағаны керек, яғни капитализмнен бас тартпай тұрып, қалай оны практикада жүзеге асырып жатқандары туралы ойлағандары керек. Бізге олардың өздері қорқып отырған ЖИ-ге қарағанда, өздерін нарықта жақсы ұстап, сол ЖИ-тен басымды болғандары керек».