ЖИ: ұйқы диагностикасы мен мониторингі

MIT Technology review электрика мен электроника бойынша MIT профессоры Дина Катаби қозғалыстағы, дем алғандағы, жүрістегі, ұйқы кезіндегі, тіпті жүрек қағысындағы адам жағдайына мониторинг жасайтын жаңа құрылғыны ойлап тапқанын хабарлайды.

Дина адам қозғалыс кезінде дем алғаны сияқты қоршаған электромагнитті ортаға әсер ететін энергия шығарады деп сендіреді. Осыған сәйкес, құрылғыдан жіберілген белгілер қабырғалардан өтуі мүмкін және бұл электромагнитті өзгерістерді ұстай алады. Машиналық оқыту қабілеттері бар құрылғы келген белгілерді талдайды және адам жағдайы туралы физиологиялық ақпараттар береді.

Қазіргі уақытта 200 осындай құрылғы Паркинсон, Альцгеймер, депрессия, өкпе ауруларымен ауыратын пациенттердің үйлерінде орнатылған. Бақылау нәтижесінде емделушілерде дәрі ішкеннен кейін қысқамерзімді оңалулар анықталды. Осыған сәйкес өнертапқыштар бұл құрылғы емделушілердің жағдайын бақылап қана қоймай, дәрігер жазып берген дәрілердің тиімділігін де бақылай алады.

Құрылғы жұмысының тиімділігі ұйқының барлық кезеңдерінде, яғни адам ыңғайлы орта ретінде өз үйінде ұйықтап жатқанда, тексерілді. Құрылғы бақылаушылар ұйқысының бұзылуы мен үзілу себептерін зерттеу үшін ұйқының қалай жүріп жатқандығын талдайды.

IEEE Spectrum Стандфорд университетінің дәрігерлері емделушілердің медициналық диагностикасын болжау қабілеті бар ЖИ-ті ұсынғанын хабарлайды. Жеті радиолог, балара үйі секілді әрекет ететін, ЖИ-тің синхрондау (swarm AI) технологиясы арқылы байланыса отырып, дара жұмыстанатын дәрігермен немесе ЖИ-пен жасалған рентгендік зерттеулерге қарағанда өкпе қабынуын диагностикалауда керемет нәтижелерге қол жеткізді.

Әртүрлі жерде орналасқан жеті радиолог өз компьютерлерінде отырып, өкпе қабынуын анықтау бойынша 50 рентгендік суретті қарады. Олар ЖИ-тің синхрондау технологиясын қолдана отырып, өз шешімдерін бір мезгілде модельдеді. Бұл рентгендік суреттерді қарастыруда әр дәрігер өзгелердің пікірін өз жағына тартуға мүмкіндік беретін шағын магнитті иконканы басқарып отырды. Әр рентгендік сурет дәл уақытында қаралды және барлық дәрігерлер 90 минут ішіндегі бір уақытта өз пікірлерін енгізді. Одан кейін алгоритм барлық пікірлерді жалпы бір пікірге біріктірді.

Нәтижесінде ЖИ-тің синхрондау технологиясы өкпе қабынуын диагностикалауда жеке алынған әрбір дәрігермен салыстырғанда 33%-ға және CheXNet деп аталатын ең қабілетті ЖИ-ке қарағанда 22%-ға ұқыптырақ екені анықталды.

Ғалымдардың ойы бойынша, кейбір қиын аурулардың нақты диагнозын дәрігерлер консилиумінде талқылаған кезде, кейбір дәрігерлер өз пікірлерін білдіруде батылдық танытпауы мүмкін, немесе керісінше кейбіреулерінің дауысы қаттырақ шығып, әріптестерінің ортасында өзін-өзі таныту үшін инициативаны өз қолдарына алуы мүмкін. Мұндай жағдайда машина адамға тән барлық эмоционалдық және саяси құраушыларды елемей, анық және толық диагноз бере алады.

Әлемдік экономикалық Форумның айтуынша алдағы 7 жылда машиналар адамдардың көптеген жұмыс орындарын қысқартуы мүмкін. Сонда есеп бойынша 75 миллион жұмыс орындары барлық адам іс-әрекет тіршілігінің 71%-ына тең болады екен. Алайда, осы технологиялар арқасында сол машиналарды меңгеру саласында 133 миллионға жуық жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.