Стартаптар экосистемасы

Википедияға сәйкес, стартап экосистемасын адамдар, дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі стартаптар және әртүрлі компаниялар (физикалық немесе виртуалды) құрады. Олар жаңа стараптарды көбейту жолында бір система ретінде өзара әрекеттеседі. Бұл компаниялар университеттер, қаржыландыру мекемелері, қолдаушы мекемелер (инкубаторлар, үдеткіштер, бірігіп жұмыс жасайтын орындар), зерттеуші мекемелер, сервистік мекемелер (заң, қаржы) және үлкен мекемелер болып келеді. Әр түрлі мекемелер экосистеманың ерекше бөліктері мен дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі стартаптарға назар аударады.    

Алдымен біз стартаптың не екенін анықтап алайық. Ағылшын тілінде «стартап» сөзі аспанға ұшыру кешенінен (экосистемадан) ұшырылған «зымыран» секілді дегенді білдіреді. Неге зымыран? Әр стартаптың негізіндегі әр өжет идея маңызды мәселелерді шешуге немесе тіпті өз индустриясында революциялық өзгерістер жасай алатын Айға ұшуға бейімделген «зымыран» ретінде ұсынылған. Сондықтан, өте жиі осындай өжет идеяларды moonshot ideas деп атайды.

Бұл идеялар қаншалықты керемет болса да, олардың қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде стартаптарды қажетті қабілеттері бар пікірлестер өз идеяларын көрсетуден бастайды, нарықтағы сұранысты дәлелдей отырып, өздері қабылдаған мәселелерді шеше алатындығы туралы, өзін-өзі қамтамасыз ететін бизнеске айналуды мақсат қояды.

Startup Commons стартапқа сәйкес элементтерді атап өтті:

  • идея, инновация, зерттеу
  • дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі стартаптар
  • кәсіпкерлер
  • стартаптар команда мүшелері
  • инвесторлар
  • стартаптардың ұстаздары мен кеңесшілері
  • идеялары бар іскерлер
  • сырттан өз стараптары барлар

Стартап экосистемасының беріктілігін, өміршеңдігін қолдайтын мекемелер:

  • университеттер
  • ұстаздық пен кеңесшілік мекемелері
  • стараптар инкубаторлары
  • біріккен жұмыс орындары
  • сервис кәсіпорындары (консультативтік, бухгалтерлік, заңдық, және т.б.)
  • оқиға ұйымдастырушылар
  • стараптар арасындағы бәсеке
  • инвесторлар торы
  • венчурлық кәсіпорындар
  • «халық» ақшасын Жобаға жинай алатын платформалар
  • басқа кредит пен грант беретін қаржы компаниялары
  • стартап медиасы мен блогтары
  • басқа координаторлар мен көмекші мамандар

Экосистеманы қолдайтын қорлар тәжірибе, уақыт және қаражат есебінде экосистеманың құрамындағы адамдар мен кәсіпорындарынан құралады.

Ұйымдар мен адамдар арасындағы ізгілік атмосферасындағы қарым-қатынас үлкен роль атқарады, олар жаңа стартаптарға жағдай жасайды. Егер сәтсіздікке ұшыраған жағдайда, қызметкерлерге жаңа немесе басқа стартаптарды табуға көмектеседі, осылайша таланттар резервін сақтап, экосистеманы сақтап қалуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.