Тырнақтай суперкомпьютер

Адам миы функцияларына ұқсас функцияларға ие нейроморфты микрочип жасау облысындағы MIT-тің жаңа өнертабысы ЖИ-тің дамуын жаңа деңгейге көтеруде.

Жаңа тәртіп жасанды синапсалары бар жаңа микрочип көмегімен нейроморфты есептеу деп аталады. Синапс нейрон түбіндегі үлкен емес бөлік және оның көмегімен ақпараттың бір нейроннан екінші нейронға берілуі жүреді.

Егер адамның миы шамамен 80 миллиард нейрондардан тұрса, онда олардың бойымен өтетін сигналдарды 100 триллионнан астам синапстар біріктіреді және басқарады. Компьютер мен адам миын салыстыру үшін 2013 жылы Жапониядағы Riken институтында орнатылған К суперкомпьютер 82 мың процессор (250 мың қарапайым компьютерлерге тең) қолданылған және адам миының 1%-на эквивалентті 1 секундтағы ми жұмысын симуляциялау үшін 40 минут уақыт жұмсаған.

Бастапқыда жасанды синапстары бар микрочиптердегі сигналдарды басқару мүмкін болмады. Ми синапстары синапстан өтетін иондардың түрі мен санына қарай сигналдарды өткізе отырып, нейрондарды белсендендіреді. Осы негізде ми образдарды тани алады, фактілерді есте сақтап, қызметтерін орындайды. MIT ғалымдары silicon germanium-нан дайындалған, электрлік сигналдар күшін нақты басқаратын, сынама симуляцияларда 95% нақтылықты көрсеткен, жасанды синапсы бар микрочипті ойлап тапқанға дейін мұның барлығын жасанды түрде қайталау өте қиын тапсырма еді.

Алдыңғы өнертабыстарда амфорлық ортамен бөлінген екі өткізгіш қабат қолданылған еді. Ол синапс қызметін атқарды, бірақ нақты құрылымсыз белгілер өтудің есепсіз бағыттарына ие болу мәселесі туындады. Өйткені қортындысы ретсіздікке және нәтижесіздікке әкелді. Сондықтан ғалымдар иондарды бір каналмен өткізетін silicon germanium-нан торлы конструкциясын жасады. Бұл әр уақытта бір бағыттың қолданылатындығына сенімділік берді.

Мұндай торлы конструкция нейроморфты микрочипті құрастыруда қолданылды. Өйткені бұл кезде кернеуден өтерде барлық синапстар 4% айырмашылықпен сигналдардың бірдей ағысын көрсетті.

Жасанды синапстың екі қабатты үш бөлек беттен тұратын симуляцияланатын жасанды нейро желі олардың арасындағы 95%-ға дейінгі дәлдікпен қолмен жазылған он мыңдаған сандарды тани алатын жағдайда болды.

Ғалымдар өздеріне келесі мақсатты қойды: қолмен жазылған тапсырманы соңында саусақ тырнағының көлеміндей нейро желісі бар суперкомпьютерді алмастыра алатын мобильді құрылғы жасау. MIT ғалымдары ол бірінші ЖИ аппаратты құрылғысын жасап шығаруға мүмкіндік береді деп болжайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.