Жүзімдіктердегі роботтар
Робототехникалар Ротшильдтердің Château Clerc Milon и Château Mouton Rothschild жүзім алқаптарына да жетті. «Тед» есімді роботтың топырақты қопсыту, сапасын жақсарту және арамшөптерден арылту мақсатындағы автоматтандырылған жұмыс деңгейі жүзім алқаптары үшін тиімді шешім ретінде қарастырылуда.
Француздық Naïo Technologies компаниясы Chedau Clerc Milon кен алқаптарында Тедті сынақтан өткізді. Барон Филипп де Ротшильдтің басқарушы директоры Филипп Даллуин: «Біз робот техникасын болашақтың тиімді шешімі деп санаймыз», — деді. Сонымен қатар, ол «Біздің еңбек ететін уақытымыз азайып қана қоймай, біз жүзім алқаптарын ауыл шаруашылық техникаларының тарабынан келетін зияндылықтардан сақтаймыз және энергия үнемдейміз» дейді.
Барон Филипп де Ротшильд өзінің жүзім алқаптарында органикалық және биодинамикалық өсіру әдістерін кеңінен қолдана отырып, 2008 жылдан бері химиялық өңдеуді 30% азайтқанын айтты.
Decanter.com сайтының хабарлауынша, Филип Даллуин роботтар жүзімдіктегі адамдарды алмастыра алмайды, әсіресе жүзім теруге келген кезде адамның аялы қолы өте қажет деген.
«Жүзім скутері» деп аталатын тағы бір робот Португалиядағы Symington Family Estates-те жүзімнің денсаулығын бақылау үшін және шарап өндірушілердің судың стрессі сияқты кез-келген проблемалардан жылдам хабар беруі үшін сыналды. Олар жүзімдіктегі автономды жұмысты ұйымдастыру үшін GPS бақылауды қолданған.
Жоғарғы технологиялардың жүзімдіктер алқаптарында қолданулары бірінші рет емес. Алқаптарда жүзімнің жағдайын дрондармен бақыласа, отпиқалық сұрыптаумен піскен жүзімді піспеген жүзімнен ажырата отырып: « бізде жақсы шараптар соншалық, енді шарап ішетін робот ойлам табу керек» — деген әзілдер естіледі.